Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

11.06.2026 79

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен алғаш рет келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

11.06.2026 107
Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар бірқатар салалық заңдарды қарап, халықаралық келісімдерді ратификациялады.
10.06.2026 121

Сенат депутаттары Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында машина жасау саласын дамыту, көлік инфрақұрылымын жаңғырту және артық әкімшілік рәсімдерді қысқарту мәселелерін талқылады. Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралды.

10.06.2026 107
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде кеңейтілген отырыс өтті. Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.
10.06.2026 110

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, асыл тұқымды мал шаруашылығы, ара шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы салаларындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заңдарды қарады.

10.06.2026 130

Taldau Talks YouTube арнасында подкастың кезекті шығарылымы жарияланды. Онда сарапшылар Қазақстандағы банк секторының қазіргі ахуалы, негізгі сын-қатерлер және жаңа цифрлық шешімдер жағдайындағы ел экономикасын дамыту перспективалары туралы мәселелерді талқылады.

09.06.2026 155
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенаторлар кеңесінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері, академик, профессор Өмірзақ Озғанбаевты 85 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
09.06.2026 119
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде кеңейтілген отырыс өтті. Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.
08.06.2026 137

Бүгін «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Astana 2026 World Boccia Cup Әлем кубогы жолындағы жарыстың финалдық кезеңі өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев қатысты.

08.06.2026 147

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасы бойынша Қазақстан шахмат федерациясы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Senat Open – 2026» III ашық шахмат кубогының жартылай финалдық кезеңі Ақтауда өтті.

08.06.2026 120

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есебіне Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысы талқыланды.

08.06.2026 109

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.

08.06.2026 114

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушылар тобы Армения Республикасының Ұлттық жиналысына сайлау өткізу мониторингін жүзеге асыру мақсатында Ереванда жұмыс істеді.

08.06.2026 123

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы халықаралық байқаушылары тобының үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Ереванда Армения Республикасының Ұлттық Жиналысына сайлауға дайындықты мониторингілеу аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

08.06.2026 182
Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті. Онда депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясындағы Сенаттың жұмыс жоспарын талқылап, 11 маусымға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін айқындады.