Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

28.11.2023 15

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбемен кездесті. Кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығын дамыту және парламентаралық қарым-қатынасты кеңейту мәселелері талқыланды.

28.11.2023 20

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады.

28.11.2023 24

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық активтерге қатысты заңды талқылады.

27.11.2023 55

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығына орай дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

27.11.2023 56

Сенаторлар 30 қараша күні өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті.

25.11.2023 64

Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік зерттеулер» тақырыбы бойынша Әзербайжанда өткен халықаралық конференцияға Қазақстан делегациясын бастап барды.

25.11.2023 929

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен мемлекеттік басқару, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы, БАҚ және азаматтық сектор қызметіндегі талдау тәсілдердің сапасын арттыруға бағытталған «Талдау мектебі» қоғамдық жобасы жалғасып келеді.

24.11.2023 93

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Қаржы мониторингі агенттігінде көшпелі отырыс өткізді. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды бұдан былай қылмыстан тыс деп тану талқылаудың негізгі мәселесі болды.

24.11.2023 109

ҚР Парламенті Сенатында «Аграрлық ғылымды дамытудағы және агроөнеркәсіптік кешен үшін мамандарды даярлаудағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағаты өтті.

24.11.2023 114

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық Азия елдерінің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі алғашқы құрылтайына қатысты. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінен келген қатысушылар аталған бағыттың даму перспективаларын талқылап, әлеуметтік жобалар мен өндірістерді одан әрі қолдауға қатысты өз ұсыныстарын айтты.

23.11.2023 81

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясының басшысы Оуэн Мерфимен кездесті.

23.11.2023 126

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар Мемлекет басшысының тиісті ұсынымына сәйкес Жоғарғы Сот судьясын қызметтен босату туралы мәселені қарады. Отырыс барысында сенаторлар 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңдарды да қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

21.11.2023 95

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Финляндияның Әділет канцлері Туомас Пойстимен кездесті.

Төраға орынбасары өз сөзінде Финляндия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы 
21.11.2023 128

Астанада «Qazaqstan: орнықты даму жолында» атты аналитикалық материалдар жинағы көпшілікке таныстырылды. Оған еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша еңбектер жарияланған. Аталған жинақты Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері «Талдау мектебінің» түлектерімен бірлесіп әзірледі.

20.11.2023 107

Депутаттар Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңдарды талқылады.