Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

28.11.2022 13

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Финляндия Парламентінің депутаттары, парламентаралық «Орталық Азиямен достық тобының» мүшелері Киммо Килюнен және Хели Ярвиненмен кездесті.

28.11.2022 25

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2022 жылғы 1 желтоқсанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.

28.11.2022 34

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындауына келісім беру туралы мәселе қаралды.

28.11.2022 19

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қайрат Қожамжаров пен Мұхтар Жұмағазиев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысына қатысты.

25.11.2022 34

Бүгін Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің «Күзетпен ұстаудың баламалы шараларын, оның ішінде электрондық бақылау құралдарын (білезіктерді) дамыту» тақырыбындағы отырысы өтті. 

25.11.2022 32

Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов пен Бақтыбай Шелпеков қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың 37-ші жалпы отырысына қатысты.

25.11.2022 46

ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасы тұрғын үй құрылысын дамыту: проблемалары және оларды шешу жолдары» туралы үкімет сағаты өтті.

24.11.2022 56

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің төрағасы Дәурен Әділбеков Канада Премьер-Министрінің ЕО мен Еуропадағы арнаулы өкілі Стефан Дион бастаған Канада делегациясымен кездесті. Кездесуге Канада Парламентінің депутаттары, біздің елдеріміз арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелері болып табылатын Виктор Оу мен Жан-Ги Даженэ де қатысты.

24.11.2022 23

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының кезектен тыс отырысына қатысты.

24.11.2022 43
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заң жобаларын қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
23.11.2022 51

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің негізінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың мәселелері» тақырыбы бойынша кеңейтілген отырыс өткізді. Шара барысында қатысушылар ана мен баланы қолдау, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру мәселелерін талқылады.

23.11.2022 77

Сенаторлар Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға және Қазақстанға инвестиция тартуға бағытталған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

22.11.2022 50

Сенатор Нариман Төреғалиевтің төрағалық етуімен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде «Балалардың хал-ахуалы және олардың құқықтарының қорғалуы» тақырыбындағы кеңейтілген отырыс өтті. Шара барысында білім беру, даму мәселелері және балаларды қорғау саласындағы проблемаларды кешенді түрде шешу жолдары талқыланды.

22.11.2022 39

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің сенаторлары дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын дамыту туралы заңды іске асыру барысын салалық мемлекеттік органдармен бірге талқылады.

22.11.2022 58

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылады.