Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

10.07.2025 70

Сенат депутаты Ольга Булавкина Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының агроөнеркәсіп кешені мен білім беру жүйесінің және әлеуметтік инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады.

10.07.2025 89

Сенат депутаттары Ольга Перепечина мен Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысындағы М.Жұмабаев атындағы ауданда болды және тұрғындармен кездесті. Сапар аясында осы аудандағы инфрақұрылымдық және аграрлық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты.

10.07.2025 100

Сенатор Дархан Қыдырәлі Жамбыл облысында мәдениет саласының өкілдерімен және шығармашыл жастармен кездесті. Онда шығармашылық индустрияны дамыту, патриоттық тәрбие беру және жас дарындарды қолдау жөніндегі бастамалар талқыланды. Депутат жастарға мотивация ғана емес, өзін-өзі танытуда нақты мүмкіндік қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, креативті индустрияны, мәдениет пен білім беруді дамыту жас қазақстандықтардың әлеуетін ашуға негіз болуы тиіс.

10.07.2025 94

Сенат депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев Түркістан облысының Төлеби ауданында болып, аймақтағы кездесулерді жалғастырды. Сапар барысында өнеркәсіп, аграрлық және инфрақұрылымдық даму, сондай-ақ сумен жабдықтау және жұмыспен қамту мәселелеріне баса назар аударылды.

09.07.2025 121

Сенат депутаты – Парламенттегі «Бір ел-бір мүдде» депутаттық тобының жетекшісі Нұртөре Жүсіп Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының активімен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен және қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.

09.07.2025 101

Сенат депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

09.07.2025 119

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен кездесті. Жүздесу барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімі тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында қабылданып жатқан негізгі жобалар мен қадамдар туралы және өңірді одан әрі дамыту жоспары жайында хабардар етті.

09.07.2025 95

Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Алматы облысындағы Кеген ауданында болды. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту, жолдардың жай-күйі, жергілікті жерді сумен жабдықтау және инфрақұрылым мәселелері басты назарда болды.

09.07.2025 103

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен және қалалық мәслихат депутаттарымен бірқатар мазмұнды кездесулер өткізді. Онда еліміз Президентінің тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан әлеуметтік-экономикалық және құқықтық бастамаларды талқылауға баса назар аударылды.

09.07.2025 75

Сенат депутаты Талғат Жүнісов Ақмола облысындағы Шортанды және Зеренді аудандарының тұрғындарымен кездесті. Сапар барысында әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына мониторинг жасауға және ауылдық аумақтарды дамытудың басым міндеттерін талқылауға баса назар аударылды.

08.07.2025 105

Сенат депутаттары Ольга Перепечина мен Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында Петропавлдағы әлеуметтік сала бойынша негізгі жобаларды іске асыру барысымен танысты. Онда тұрғындармен және сарапшылармен өңірді дамытудың басымдықтарын талқылады.

08.07.2025 103

Сенатор Серік Өтешов Қарағанды облысында өңірлік дамудың негізгі мәселелеріне арналған бірқатар кездесулер өткізді. Абай ауданында аграрлық секторды қолдау шаралары, ал Қарағандыда өңірді цифрландыру және инновациялық трансформациялау мәселелері талқыланды.

08.07.2025 103

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырәлі мен Ғалиасқар Сарыбаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының штаб-пәтерінде болды.

08.07.2025 90

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде болды. Сенатор жоғары оқу орынының басшылығымен және педагогикалық құрамымен кездесу өткізді. Сондай-ақ энергетика және байланыс саласының болашақ мамандарын шығару рәсіміне қатысты.

08.07.2025 113

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы Павлодар қаласында кітапхана саласы мен өңірдің индустриялық әлеуетін дамыту мәселелеріне арналған бірқатар кездесу өткізді.