Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

09.12.2022 18

Сенатта Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның XVIII отырысы өтті.

09.12.2022 20

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары «Отандық қорғаныс өнеркәсібі: жағдайы, проблемалары мен ұсыныстары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

08.12.2022 41

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары трансферттік баға белгілеу мәселелерін Қаржы министрлігінің басшылығымен бірге талқылады.

08.12.2022 96

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың Төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын қызметінен босату және жаңа Төрағаны сайлау туралы Мемлекет басшысының ұсынуын қарады. Сондай-ақ олар Парламент Сенатының депутаты Нариман Төреғалиевтің өкілеттігін тоқтату туралы мәселені қарады және бірқатар заң қабылдады. Отырыс барысында сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын да жолдады.

06.12.2022 56

ҚР Парламенті Сенатында Төраға орынбасары Асқар Шәкіров Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Габриэлиус Ландсбергиспен кездесті.

06.12.2022 88
Сенат депутаттары Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері туралы заң жобасын талқылады.
06.12.2022 52

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар тауарларды бақылау саласына қатысты заң жобаларын қарады.

05.12.2022 46

Сенатор Дүйсенғазы Мусин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жалғыз мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысып, ондағы ғалымдармен сала мәселесін талқылады.

05.12.2022 77

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2022 жылғы 8 желтоқсанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.

03.12.2022 59

Астанада «Қазақстан Республикасы Парламентінің қоғамға институционалдық ашықтығы» атты халықаралық конференция болды. Сенаторлар Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, USAID, Internews және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің өкілдерімен бірге парламентшілердің азаматтық қоғам көшбасшыларымен өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.

02.12.2022 58

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев ҚХР-дың бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминнің қайтыс болуына байланысты Қытай халқына көңіл айтты.

02.12.2022 100

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі» тақырыбына арналған үкімет сағаты болды. Отырыс Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өтті.

01.12.2022 75

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватиканның Қазақстандағы Апостолдық нунциі архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесті. Оның еліміздегі қызметі аяқталып жатыр.

01.12.2022 102

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау мәселесін қарап, күн тәртібіне шығарылған заңдарды қабылдады. Сондай-ақ олар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

30.11.2022 146

«Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының екінші кезеңіне қатысу үшін конкурс жарияланды.