Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Айнұр Арғынбекова ЕҚЫҰ ПА-ның 23-ші отырысына қатысты

23.02.2024 410

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 23-ші қысқы отырысына қатысты.

Сессия аясында ЕҚЫҰ ПА Саяси мәселелер және қауіпсіздік, Демократия, адам құқықтары және гуманитарлық мәселелер, Экономика, ғылым, технологиялар және қоршаған орта мәселелері жөніндегі жалпы комитеттерінің, сондай-ақ Тұрақты комитеттің отырыстары болды.

Сенатор 54 елден келген 230 парламентшілермен бірге қысқы сессия мен ұйым комитеттері отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылауға қатысты.  

Ол сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің парламентшілерімен бірге Парламенттік Ассамблея Төрағасының орынбасары Ирэн Караламбидеспен, Ассамблеяның Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Фара Каримимен және Түркия делегациясының басшысы Селами Алтинокпен кездесті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу