Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Ресейдегі президент сайлауына мониторингке қатысты

18.03.2024 261

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жақып Асанов, Андрей Лукин, Сергей Ершов, Жанна Асанова және Руслан Рүстемов Ресей Федерациясындағы президент сайлауына байқаушы ретінде қатысты.

 ҚР Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен Сергей Ершов Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі мен Мемлекеттік думасының шақыруы бойынша байқаушы ретінде сөз сөйледі. Делегация мүшелері сайлау науқанының ашықтығын бағалауға, сайлауды ұйымдастыруға, дауыс берудің жаңа технологиясына және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына ерекше назар аударды.

Андрей Лукин мен Жанна Асанова ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының құрамына енген болатын. Парламентшілер сайлау күні басқа елдердің әріптестерімен бірге сайлау учаскелерінде болып, жәшіктерді ашу және дауыстарды санау процестерін қадағалады.

Сенатор Руслан Рүстемов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы мүшелерінің бақылау миссиясының құрамында Ресей Федерациясының президентін сайлауға дайындық пен оны өткізуге мониторинг жүргізуге қатысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу