Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің депутаттарымен кездесті

19.03.2024 266

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен сенатор Сергей Ершов Ресей Федералдық Жиналысы Федерациясы Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкинмен және Федералдық Жиналыс Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Константин Косачевпен кездесті.

Тараптар кездесу барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі сайлауларда байқау институтын одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін растады. Сондай-ақ Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресей Федералдық Жиналысы Федерациясының Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысы аясында парламентаралық диалогты өрістетуге қатысты уағдаластыққа қол жеткізілді. Ол Қазақстан-Ресей қатынастарын нығайтуға ықпал етеді.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Парламентаралық комиссияның Орал қаласында өткен 20-шы отырысында қабылданған шешімдердің іске асуы деңгейінің жоғарылығын атап өтті. Оның қорытындысы бойынша сәуір айының үшінші онкүндігінде Астана-Минеральные воды бағыты бойынша жаңа авиарейстің ашылуы жоспарланып отыр. Парламент Сенатының депутаттары мен уәкілетті мемлекеттік органдар делегациясының Самара облысындағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру мен өнімдерді қайта өңдеу кәсіпорындарын көруге арналған сапарда болады. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері арасында екі ел азаматтарының жұмыс өтілін растау мәселесі бойынша бейне конференция байланысы арқылы жұмыс кездесуі өтеді. Одан басқа, комиссия отырысының шешімдері аясында Орал және Челябинск қалаларының театр ұжымдары арасындағы ынтымақтастыққа қарқын беретін өңірлік мәдени диалог дами түсетін болады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу