Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Руслан Рүстемов Ресейдегі президенттік сайлауға ҰҚШҰ ПА байқаушысы ретінде қатысты

19.03.2024 296

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов Ресей Федерациясындағы президенттік сайлауға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан байқаушы ретінде қатысты.

Сенатор басқа елдердің әріптестерімен бірге Мәскеудегі бірнеше сайлау учаскелерінде болды. Сондай-ақ Федералдық Жиналыс Федерациясы Кеңесі Төрағасының орынбасары Константин Косачевпен, Мемлекеттік Думаның Төрағасы Вячеслав Володинмен және Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфиловамен кездесті. Сенатор сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және процестің ашық өткенін атап өте келіп, оң баға берді.

«Біз байқау жүргізген сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтті. Барлығы тиісті деңгейде ұйымдастырылғанына куә болдық. Сайлау органдары азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз етті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне де жағдай жасалды. Еріктілердің белсенділігін де атап өткен жөн. Біз қызметімен танысқан және жұмысына байқау жүргізген барлық сайлау учаскелерінде сайлау процесі Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүргізілді», - деді Руслан Рүстемов.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу