Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Сенатор Андрей Лукин Португалия істері жөніндегі уақытша сенімді уәкіл Жозе Атаида Амаралмен кездесті

28.03.2024 169

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Португалия Республикасының Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Жозе Атаида Амаралмен кездесті. 

Андрей Лукин Португалия Қазақстанның Оңтүстік Еуропадағы және жалпы Еуропалық одақтағы маңызды серіктесі болып табылатынын атап өтіп, осы жылдар ішінде біздің елдеріміздің саяси байланыстары тұрақты және мазмұнды сипатқа ие болғанын атап өтті.

«Қазақстан Парламенті Португалия Парламентімен белсенді байланыс орнатуға мүдделі болып отыр. Қазақстан Парламентінің екі Палатасында жұмыс істеп келе жатқан Португалиямен достық топтары біздің парламентаралық диалогымыздың берік негізін құрайды. Қазақстан мен Португалия арасындағы екіжақты құқықтық базаны кеңейтуге бағытталған бірлескен күш-жігерді жалғастыру маңызды деп санаймыз. Бұл экономикалық және техникалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ете алады», - деді сенатор.

Тараптар кездесу барысында жасыл экономиканы, цифрлық технологияны, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Жозе Атаида Амарал өз кезегінде Қазақстанның табысты дамуын атап өте келіп, Қазақстанда тиімді жүргізіліп жатқан өзгерістерге назар аударды. Сондай-ақ Қазақстан мен Португалия Парламенттерінің бұдан былайғы ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Бөлісу