Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Ғалиасқар Сарыбаев ТМД ПАА комиссиясының отырысына қатысты

28.03.2024 162

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясы комиссиясының жұмысына қатысты.

Сенатор ТМД ПАА Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында әріптестерімен бірлесе отырып «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Навигациялық қамтамасыз ету туралы» және «Аумақтық қорғаныс туралы» үлгі заң жобаларының тұжырымдамаларын талқылады.

Сенатор ТМД ПАА жанындағы Қауіпсіздік және жаңа сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі бірлескен комиссияның отырысында басқа елдерден келген парламентшілермен бірлесе отырып «Аумақтық қорғаныс туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» және «Террористік және экстремистік мақсаттарда автономды және роботтандырылған жүйелерді пайдалануға қарсы іс-қимыл туралы» үлгі заң жобаларының тұжырымдамаларын қарады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу