Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Вице-Cпикер Жақып Асанов БҰҰ-ның Үшінші конференциясына қатысты

06.08.2025 2786

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов теңізге шыға алмайтын дамушы елдер мәселелері жөніндегі БҰҰ-ның Үшінші конференциясына қатысты.

Ауқымды форумның ашылу салтанатына мемлекет басшылары, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, парламент спикерлері, халықаралық ұйымдар мен БҰҰ жүйесіне кіретін құрылымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстан делегациясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елдің әділетті, тұрақты және инклюзивті дамуға берік бейілділігін тағы бір мәрте растады.

Конференция барысында қабылданған 2024–2034 жылдарға арналған жаңа іс-қимыл бағдарламасы теңізге шыға алмайтын елдердің ілгерілеуіне кедергі келтіретін жүйелі тосқауылдарды еңсеруге бағытталған. Бағдарламаның негізгі басымдықтары қатарында көлік инфрақұрылымын дамыту, сауданы жаңғырту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бар.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу