Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин бастаған депутаттар Польша Республикасы Сенатының депутаты Богдан Борусевич жетекшілік ететін делегациямен кездесті.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, саяси диалогты дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.
«Польша – Қазақстанның Еуропалық одақтағы негізгі серіктестерінің бірі. Елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылды дамытуда парламентаралық дипломатия маңызды рөл атқарады. Біз Парламенттер арасындағы сындарлы қатынастарды жоғары бағалаймыз. Бұл кездесу екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенімдімін», – деді Андрей Лукин.
Кездесуде тарихи жады мәселесіне ерекше назар аударылды. Польша делегациясы соғыс жылдары Қазақстан аумағында қаза тапқан поляк жауынгерлерінің жерленген орындарына барып жүрген ардагерлер тобын ертіп келген. Польша тарапы мемориалдық нысандарды сақтауға ерекше мән беріп, осы бағыттағы қолдау үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар экономикалық, көлік-логистикалық және экологиялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері де сөз болды.
«Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам поляк компаниясы табысты жұмыс істеп келеді. Біз көлік, жасыл энергетика және инвестиция салаларындағы әріптестікті одан әрі дамытуға зор мүмкіндік бар деп есептейміз»,– деді Андрей Лукин.
Кездесу соңында тараптар парламентаралық диалогты одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Польша арасындағы жан-жақты серіктестікті нығайтуға мүдделілік білдірді.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)