ҚР Парламенті Сенатының депутаты Советбек Медебаев Әзербайжан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына арналған халықаралық парламенттік конференцияға қатысты.
Шара «Конституция қазіргі әлемдегі мемлекеттердің тәуелсіздігі мен егемендігінің негізі» тақырыбына арналды. Конференцияға қатысушылар мемлекеттердің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етудегі негізгі заңдардың рөлін талқылады. Олар сондай-ақ парламент қызметі мен конституциялық құқық шығармашылығын жетілдіру саласында тәжірибе алмасты.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)