Парламент Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Штефан Гордамен кездесті.
Тараптар Қазақстан-Молдова қатынастарының қазіргі жай-күйі туралы пікір алмасып, екіжақты іс-қимылдың жүйелі дамуын және тұрақты байланыстарды сақтауға мүдделілікті атап өтті.
«Парламентаралық диалогты нығайту - Қазақстан-Молдова өзара іс-қимылының басым бағыттарының бірі. Бұл екіжақты қатынастарды тереңдетудің, сондай-ақ Қазақстан мен Молдова арасындағы мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады», - деп атап өтті сенатор.
Кездесу қорытындысы бойынша Андрей Лукин мен Штефан Горда жұмыс байланыстарын сақтауға және екі тарапты қызықтыратын мәселелер бойынша пікір алмасуды жалғастыруға өзара мүдделілікті растады.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)