Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Дархан Қыдырәлі: Қазақстан халықаралық диалогты дәйекті түрде нығайтып келеді

26.01.2026 952

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі «İpek Yolu» халықаралық қоғамдық дипломатия және экономикалық ынтымақтастық ұйымы ұйымдастырған халықаралық іс-шараға қатысты. Аталған алаң аясында түркі әлемінің беделді өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері, іскер топтар мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ, мәдениет және спорт қайраткерлері бас қосты.

Іс-шара аясында сенатор Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан парламенттік реформаның негізгі бағыттарына тоқталып, олардың демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және қоғамдық диалогты кеңейтуге арналғанын атап өтті. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіне, оның ішінде Қазақстан Президентінің елімізді Ибраһим келісімдеріне қосу туралы бастамасына ерекше назар аударды. Дархан Қыдырәлінің айтуынша, бұл қадам – халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, бейбітшілікті, өзара сенім мен мемлекеттер арасындағы сындарлы диалогты нығайтуға бағытталған дәйекті сыртқы саяси бағдардың жарқын көрінісі.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу