Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Мәулен Әшімбаев Түркістандағы халықаралық симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

02.04.2026 432

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында «Қожа Ахмет Ясауи ізімен: қолөнершілер» атты халықаралық мәдени-ғылыми симпозиум өз жұмысын бастады. Шараға ғылыми және сарапшылық қоғамдастық, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ көршілес мемлекеттерден келген делегациялар қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың форум қатысушыларына арналған құттықтау хатын Сенат депутаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің мүшесі Дархан Қыдырәлі оқып берді. Сенат Спикері өз жолдауында Мемлекет басшысының Қожа Ахмет Ясауи есімін ұлықтау мен оның рухани мұрасын насихаттау ісіне қосқан ерекше үлесін атап өтті. Сондай-ақ ортақ тарихи тұлғалардың өсиеттерін бірлесе зерттеудің маңыздылығына айрықша мән берілді, бұл аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етуі тиіс.

Симпозиум барысында қатысушылар түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретіндегі «ахилік» дәстүрінің мәнін, сонымен қатар рухани құндылықтарды сақтау, гуманитарлық байланыстарды нығайту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Форумның ашылуында айтылғандай, бұл жиын ортақ тарихи-мәдени бағдарларды ілгерілетуге және бауырлас елдер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге тың серпін беруді көздейді.

1-3 сәуір аралығында өтетін үш күндік симпозиум бағдарламасы аясында «ахилік» дәстүрі мен Қожа Ахмет Ясауи ілімінің сабақтастығына, сондай-ақ түркі әлемінің ортақ мәдени бірегейлігін нығайту мәселелеріне арналған ғылыми баяндамалар мен сарапшылық пікірталастар жоспарланған.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу