Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Евгений Больгерт Қазақстандағы конституциялық реформаларға арналған іс-шараларға қатысты

27.04.2026 356

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары аясында конституциялық референдум қорытындылары мен Қазақстандағы саяси жаңғырту үдерісіне арналған бірқатар халықаралық іс-шараларға қатысты.

Брюссель қаласында Brussels Press Club алаңында өткен дөңгелек үстел негізгі іс-шара болды. Оған еуропалық сарапшылар, саясаттанушылар және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Пікірталас барысында жаңа Конституция бойынша өткен референдумның нәтижелері, сондай-ақ реформаларды іске асырудың алдағы перспективалары қаралды.

«Өткізілген референдум Қазақстанның саяси жүйесін трансформациялаудың маңызды кезеңіне айналды. Жүзеге асырылып жатқан реформалар мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыруға, Парламенттің рөлін күшейтуге және атқарушы биліктің есептілігін арттыруға бағытталған», - деп атап өтті сенатор.

Талқылау барысында мемлекеттік басқарудың теңгерімді әрі тұрақты жүйесін қалыптастыру мақсатында билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, азаматтардың саяси процестерге қатысуын кеңейту арқылы демократияландыруды ілгерілету, сондай-ақ заң үстемдігі қағидаттарын нығайту және адам құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Еуропалық қатысушылар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің маңызын атап өтіп, диалог пен тәжірибе алмасуды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді. Сонымен қатар пікірталас барысында реформаларды іс жүзінде іске асыру және олардың ұзақ мерзімді әсеріне қатысты мәселелер де қозғалды.

Сапар аясында сарапшылар қауымдастығы мен дипломатиялық орта өкілдерімен кездесулер өтіп, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары талқыланды.

Өткізілген іс-шаралар Еуропа аудиториясының Қазақстандағы саяси жаңғырту үдерістеріне жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетіп, реформалар мәселелері бойынша ашық әрі сындарлы халықаралық диалогты дамытудың маңызын айқындады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу