Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Қазақстан парламентшілері ТМД ПАА халықаралық байқаушылар миссиясының құрамында Арменияда жұмыс істеді

08.06.2026 317

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан халықаралық байқаушылар тобы Армения Республикасының Ұлттық жиналысына сайлау өткізу мониторингін жүзеге асыру мақсатында Ереванда жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов ТМД ПАА халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі болып табылады. Миссия құрамында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских және Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД ПАА-дағы өкілетті өкілі Асхат Мұқашев бар.

ТМД ПАА байқаушылары дауыс беру күні Еревандағы және елдің басқа өңірлеріндегі сайлау учаскелерінде болды. Миссия өкілдері учаскелердің ашылуына қатысты, дауыс беру барысын қадағалады, сондай-ақ дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығару рәсімдеріне мониторинг жүргізді.

Миссияның жұмысы саяси бейтараптық, объективтілік және мемлекеттің ішкі ісіне араласпау қағидаттарына сәйкес жүзеге асты. Байқаушылар сайлау үдерісінің ұйымдастырылуын, азаматтардың сайлау құқығының сақталуын және рәсімдердің ұлттық заңнамаға сәйкестігін бағалады.

Мониторинг барысында бүкіл ақпарат жинақталып, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы халықаралық байқаушылар миссиясының қорытындысына енгізілетін болды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу