Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

���������������������� ������������

Сенатта Қазақстан мен Словакия арасындағы парламентаралық ынтымақтастық талқыланды

01.11.2022 229

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Словакия Республикасының елшісі Роберт Кирнагпен кездесті.

Сенатор біздің елдеріміз арасында жоғары деңгейде сенімді диалог қалыптасқаны, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қолайлы жағдай жасалғаны туралы дипломатқа айтып берді. Соңғы жылдары Қазақстанға Словакияның Премьер-министрі мен Парламент Төрағасы, сыртқы істер және экономика министрлері келген болатын. Осының бәрі екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және арттыруға деген өзара ұмтылыстың көрінісі болып отыр.

«Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестік тұрғысында Словакиямен екіжақты ынтымақтастықты дамыту біз үшін маңызды. Біздің еліміз «жасыл» экономикаға көшу, сауда және инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, білім беру, ғылым және т.б. сияқты басым бағыттарға назар аудара отырып, Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруда қарқынды жұмыс істеп келеді», - деп атап өтті депутат.

Мұхтар Құл-Мұхаммед елшімен парламентаралық байланыстарды кеңейтудің маңызы мен Қазақстанның инвесторларды тартуға мүдделі екенін және энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Словакия Республикасының елшісі өз кезегінде екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың маңызы туралы айта келіп, мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап 28 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан өзін сенімді саяси және экономикалық әріптес ретінде көрсеткенін жеткізді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу