Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Сенаттың вице-спикері Жақып Асанов Әзербайжанның Бас прокурорымен кездесті

05.02.2024 415

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі Жақып Асанов Әзербайжанның Бас прокуроры Камран Әлиевпен кездесті.

Тараптар дауыс беруге дайындық пен өткізу кезеңінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Бас прокуратураның сайлауды басқару органдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Жақып Асанов ТМД ПАА-ның халықаралық бақылаушылары сайлау процесіне қатысушылар тарапынан заңдылықтың сақталуын қадағалауға байланысты мәселелерге ерекше назар аударатынын атап өтті. Ол сондай-ақ, ұзақ мерзімді мониторинг қорытындыларымен бөлісіп, халықаралық демократияны дамыту мониторингі институтының сарапшылары жүргізген зерттеу Әзербайжанның сайлау заңнамасының Адам құқықтары туралы халықаралық нормаларға және ТМД қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы конвенцияда көрсетілген қағидаттарға сәйкестігін айтты.

Өз кезегінде, Камран Әлиев осы жылдың сайлау науқанының ерекшеліктері туралы айтып, Прокуратура құқық бұзушылықтарды анықтау, сонымен қатар адал және демократиялық сайлауды қамтамасыз ету тұрғысынан тұрақты мониторинг жүргізіп жатқанын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу