Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Әзербайжан Милли Мәжілісінің Төрағасымен кездесті

09.02.2024 416

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасының орынбасары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының үйлестірушісі Жақып Асанов бастаған байқаушылар Әзербайжан Милли Мәжілісінің Төрағасы Сагиба Гафаровамен кездесті.

Жақып Асанов Демократияны дамыту мониторингі халықаралық институтының сарапшылары жүргізген заңнаманы талдауға егжей-тегжейлі тоқталды және ұзақ мерзімді мониторинг қалай өткенін айтып берді. Жасалған талдау сайлау елдің заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес өткенін көрсетіп отыр.

ТМД ПАА байқаушыларының үйлестірушісі Парламентаралық Ассамблеяның халықаралық байқаушылары қысқа мерзімді мониторинг аясында партия өкілдерімен, сайлауды басқару органдарымен және сайлау процесінің басқа да қатысушыларымен кездесулер өткізгенін айтты.

Сағиба Гафарова өз кезегінде ТМД ПАА байқаушыларының жұмысын және жалпы Ұйым шеңберіндегі парламентшілердің ынтымақтастығын жоғары бағалады.

Мониторинг тобының құрамында 38 байқаушы - Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген Парламенттер Палаталарының депутаттары, Ассамблеяның лауазымды тұлғалары және Демократияны дамыту мониторингі халықаралық институтының сарапшылары бар.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу