Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Шәйменова Дана Қайыпқызы

Шәйменова Дана Қайыпқызы
Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі

1961 жылы туған. Білімі жоғары. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Орта-Азиялық университетті бітірген. Физик, заңгер.

Еңбек жолын мектептен бастап, Қарағанды облысы мен республиканың жастар және комсомол ұйымдарында нұсқаушы, сектор меңгерушісі, жетекші, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппараты Ұйымдастыру бөлімінің консультанты, Парламент Сенаты Аппараты Ұйымдастыру бөлімінің консультанты, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Жалпы бөлімінің, Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген.

Келесі мемлекеттік наградаларымен марапатталған: «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы және «Ерен еңбегі үшін» медалімен. Сондай-ақ, республикалық бес мерейтолық медальмен және «МПА СНГ.20 лет» медалімен марапатталған.