Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Черкасов Юрий Петрович

Черкасов Юрий Петрович
Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі

1974 жылы туған. Білімі жоғары.

әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Әлеуметтанушы.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҰҚК институтында философия, саясаттану, әлеуметтану пәндерінің оқытушысы болып бастаған. 1998 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының, ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесі Талдау орталығының консультанты, сектор меңгерушісі болып қызмет жасады.  2001 жылдан бастап  мемлекеттік емес аналитикалық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2006 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.

2009 жылдан бастап «Хабар» Агенттігі АҚ Бас директорының орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметінің басшысы, «Нұр-Медиа» холдингі бас директорының орынбасары, «Рауан Медиа Групп» АҚ Бас директоры болды.

2016 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылғы сәуірден бастап «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары, партия Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2019 жылғы қазан айынан бастап ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары.

2020 жылғы мамырдан бастап ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі болып қызмет істеген.

«Құрмет» орденімен, үш медальмен, ТМД ПАА Құрмет грамотасымен марапатталған.