Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Сенат Парламента
Республики Казахстан

Новости

Саладағы мәселеге көңіл бөлінді

08.07.2022 0

Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Жаңақорған ауданындағы сапары аясында Сүттіқұдық ауылдық округінде, Жайылма елді мекенінде болып, тұрғындармен кездесті.

Сүттіқұдық – су тапшылығын тар­тып отырған ауылдық округтердің бірі. Қазір мұнда бюджеттен қаржы бөлі­ніп, жаңадан 800 гектар суармалы жер­ді айналымға қосу жұмыстары жаса­лып жатыр. Сенатор жері шұрайлы Жаңа­қорғанда бау-бақша алқабын ұлғайту жайлы ойын айтып, тұрғындардың осыған байланысты пікірін тыңдады.

Елімізден бөлек сырт мемлекеттерге де қарбыз жөнелтіп жатқан жайыл­ма­лықтарға биыл күн райы қарасып-ақ тұр. Гектарынан 35-40 тонна өнім алған шаруалар алғашқыда 100 теңгеден өткізсе, қазіргі баға – 45 теңге төңірегінде. Олардан қарбызды осы бағада алған алыпсатарлар басқа өңірлерде 2-3 есеге қымбатқа саудалап отыр.

«Бұл «Кооперация туралы» заңның толық жұмыс істемей тұрғандығын көр­сетеді. Өндірушінің өнімін тұтынушыға делдал­сыз тікелей өткізгені екі жаққа да тиімді. Сонда белі бүгіліп бейнет­тен­бей-ақ дайын өнімді қымбаттатып отыр­ған­дар­дың жолы кесіледі. Базар бағасы да қа­лыпқа келеді. Жаңағы заңға сәйкес шағын шаруашылықтар бірігіп, мемлекет қолдауына сүйене алады», дейді сенатор.

Сенатор орта ғасыр жәдігері Сығанақ қалашығына барды. Тарихи шаһардың негізгі бөліктерін қалыпқа келтіріп, туризм орталығына айналдыру жөнінде пікірін білдірді. Сапар аясында ауданға қатысты өзге де проблемалық ұсыныстар талқыланды.

 

Дереккөз: https://egemen.kz/article/317409-saladaghy-maselege-konhil-bolindi

Поделиться