Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Интервью Казрадио

19.01.2018 0

Қазақ радиосы. Аграрлы Қазақстан бағдарламасы.

17 қаңтар. Сағат 10.00. Қазмедиаорталық. Тікелей эфир.

 

Мұхтар Сабырұлына қойылатын сұрақтар:

1.    Жақында ғана Елбасы халыққа үндеу жолдады. Ауыл шаруашылығына қатысты берген тапсырмаларын орындау барысында Парламент қандай межелер қоюда?

Жауап:

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жол­дауда әлемнің 30 дамыған ел­дерінің қатарына Қазақстанның кіруі үшін бәріміздің айналысатын басты мақсаттарымызды Мемлекет басшысы нақты түсіндірді. Сондықтан атал­ған Жолдауда елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақ­сатында 10 міндет белгіленді. Биылғы Жолдауды «Қазақстан-2050», «100 нақты қадам», үдемелі индустриялық-инновациялық даму, «Рухани жаңғыру» сияқты ауқымды бағдарламаларда көрсетілген бағыттардың заңды жалғасы деп қарауымыз керек.

Қазіргі таңда дүниежүзі Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басты. Бұл – технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңі. Жаһандық жаңалықтар біздің өмірімізді түбегейлі өзгертуде.

Соны алдын ала болжаған Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен «Қазақстан-2050» даму стратегиясы қабылданды. Еліміз әлемдегі ең алдыңғы қатарлы  отыз елдің қатарына кіру мақсатын алға қойды.

100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.  

Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.

«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды.

Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді.

Қажетті бағдарламалардың барлығы бар.

Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіпбрендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық.

2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды.

2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз.

 

Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек.

 

БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

Индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс.

Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет. Әрине, экономиканы цифрландыру табыс әкелгенімен, жұмыс күшінің көптеп босап қалу қаупін де тудырады. Сондықтан оларды жұмыспен қамту үшін бұл бағыттағы саясатты алдын ала ойластырылатын болады.

Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімделеді.

2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек.

 

ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

Демек, ХХІ ғасырда табиғи ресурстарға деген мұқтаждық артып отырған жағдайда кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ, энергия өндірушілер өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс. Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсетті.

«Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңызды. Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шараларын қабылдауы керек.

Осы және басқа да шаралар заңнамаға, соның ішінде Экологиялық кодекске өзгерістер енгізуді талап етеді.

 

ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.

Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет.

Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс.

Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек.

Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет.

5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыру міндеті қойылды.

 

ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді.

Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет.

Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек.

Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет.

Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек.

 

БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

Ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажет.

Салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек.

Заңнамаға, соның ішінде табиғи монополиялар саласын реттейтін заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қажет.

Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге қарастыруы қажет.

 

АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет.

Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс.

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тездету қажет.

Ұлттық Банк пен Үкімет экономика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп шешуге тиіс.

 

ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.

Білім берудің жаңа сапасы.

Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар жастар біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.

Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.

Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.

Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.

Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.

Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.

Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі.

Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор.

Барлық негізгі мамандық бойынша  заманауи стандарттар әзірлеу қажет. Осы орайда Электрондық еңбек биржасы туралы заңды 2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдау тапсырылды.

Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Қазір зейнетақы жүйесі толықтай еңбек өтіліне байланыстырылған. Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады.

Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты.

Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігіне қарай 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.

Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге қарастырылмақ.

 

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.

Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.

Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керек.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде белгіленген. 2020 жылдан бастап бұл нормалар барлық елді мекендерде күшіне енеді.

Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне берілді.

 

ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.

Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.

 

ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.

Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз.

«Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады.

Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар – түсінікті әрі айқын.

 

Осы орайда, өзім Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі және мамандығым тікелей ауыл шаруашылығына  қатысты болғандықтан Елбасы Жолдауында алға қойылған Үшінші міндетке кеңірек тоқталғым келеді.

Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.

Агроөнеркәсіп кешенінің алдына айқын мақсаттар қойылды. Бұдан былай қайта өңдеудің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет. Ол үшін ауыл шаруашылығында ғылым жетістіктерін батыл енгізуді қолға алуымыз керек. Бұл орайда, біздің өңірде ғана емес, тұтастай елімізде мол әлеует бар. Әсіресе, еліміздегі аграрлық жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын пайдалана білсек, жаңа технологияларды трансферттеуге де мүмкіндік аламыз. Осы және агроөнеркәсіп кешені жөнінде Жолдауда белгіленген міндеттерді толық іске асырғанда ғана алдағы бес жылдықта бұл саладағы еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есе арттыруға қол жеткіземіз.

Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс. Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет. Осыған орай аграрлық университеттер диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс.

Елбасы Жолдауда: «жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық біліммен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналу талап етіледі» - деп атап көрсетті. Бұл орайда Мемлекет Басшысы аграрлық білімнің дамуына, оның деңгейін инновациялық деңгейге жеткізуге білім мен ғылымның байланысын одан әрі тереңдету жөнінде айтып отыр.

Менің ойымша, Негізгі принцип: «Білім – Ғылым – Өндіріс» болу керек. Сонда ғана инновациялық білім мен инновациялық инфрақұрылым дамып, жоғарғы оқу орындарында корпоративтік орта құрылады.

Бүгінгі талап – жоғарғы оқу орындарына қойылып отырған мақсат – жоғарғы оқу орнын бітіретін жас мамандарды инновациялық экономикаға бейімдеу.

Аграрлық институттар оқу бағдарламаларын мемлекеттік стандарттармен қатар, қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып, жоғары өнім алып жүрген шаруашылықтардың сұранысын ескере отырып доспарлауы керек. Сол кезде өндіріс пен оқу орнының арасында тығыз байланыс орнайды.

Тағы бір ескеретін мәселе – студенттердің жоғарғы курстарда өтетін практикаларға барғанда ол қай салада, қандай мамандық бойынша жұмыс жасайтынын білуі керек. Сол сала бойынша дамыған шаруашылықта практикадан өтіп, соған байланысты дипломдық жұмыстарын дайындап, магистратурадан өтіп, кандидиттық және докторлық диссертациясын қорғаса білікті маман ретінде тәжірибе жинақтаған болар еді. Сонымен бірге, өз саласында ғылыммен жетік қаруланған маман болуына сенімді негіз қалайды.

Мысалы, Ақтөбе облысы әкімінің бастамасымен осындай жұмыстар қолға алынды. Қазір облыс әкімдігі мен 4 жоғарғы оқу орны арасында байланыс орнатылған.

Жолдауда: «егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады» делінген.

Ақтөбе облысында агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыру белсенді қолға алынуда. Мысалы, суармалы жерлерді игеру үшін суару машиналары қолданылады. Осындай технология бойынша суару машиналары ауа райына байланысты қай уақытта және тәулігіне қанша рет, қандай тереңдікте, қалай суаруды өзі компьютер арқылы анықтайды.

Мысалы,

- тұқым салған кезде «Джипс» арқылы ауа райының ауытқуына (+, –) қарай суару;

- зиянкестермен күрес

 

 

Жылыжай кешендері

 

 

Электрондық «чип» арқылы мал бордақылау және ірі тауарлы сүт фермаларында

 

 

Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды  кооперациялау қажеттігін күшейтеді.

Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек. Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс.

Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет. Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керек.

Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет.

 

2.    Қазіргі уақытта қандай заң жобалары қарастырылуда. Олар не бермек?

Жауап:

Бүгінгі таңда Парламентте Мәжіліс депутаттары Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын және агроөнеркәсіптік кешенді реттеу реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы екі заң жобаларын қарастыруда. Екі Заң жобасы да агроөнеркәсіп кешені үшін аса маңызды. Әзірге біздің қолымызда заңның үкімекттік жобалары ғана бар. Мәжілістен Сенатқа өткеннен кейін, екі заң жобасына да біздің Комитет бас комитет болып тағайындалады, сол уақытта мұқият қарастыратын боламыз. Қалай десек те, бұл заң жобалары аталып отырған салаға едәуір оң ықпалын береді деп сенемін.

Мен Сенатқа келгелі қабылданған Салық, Кедендік реттеу және Жер қойнауы Кодекстері де аграрлық саясатқа игі әсерін тигізеді деп ойлаймын.

 

 

 

3.                Кеше ғана электоратпен кездесіп, ауылдарды аралап келген екенсіз. Жалпы ауыл жағдайы қандай? Ауыл шаруашылығы саласының дамуына қандай баға бересіз? Өз пікіріңіз?

 

Жауап:

Жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап менің әріптестерім өздері сайланған өңірлерге барып, кездесулер, қабылдаулар ұйымдастырды. Мен өз салам бойынша негізінен облыстағы, ауылдық округтердегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен, мал дәрігерлік-ветеринарлық және жер қатынастары салаларының өкілдерімен кездестім. Түйінді мәселелер бойынша ашық пікір алысып, кең әңгімелестік.

Мен сол ортадан Парламентке келгеніме небары жарты жылдай ғана уақыт болды. Сондықтан бұл тақырып маған таныс және жақын. Жалпы ауылдағы жағдай осыдан бес-он жылға қарағанда түбегейлі өзгерді. Қазір агроөнгеркәсіп кешенінде жұмыс жасап жатқандар интернетті пайдаланады, көздері ашық, соңғы ақпараттардан хабардар. Олар Парламентте қандай заң қарастырылып жатқанын біледі, анализ жасайды, заңның әр бабы мен тармақтары бойынша өздерінің пікірлері бар. Әрине, агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер заңгерлердің қызметін пайдаланады. Сондықтан олар өз мүдделерін қорғай біледі.

Қолындағы малын, меншігіндегі жерін тиімді пайдалана білген ауыл еңбеккерлері далада қалып жатқан жоқ. Жоғарыда айтып өткенімдей олар масылдықтан арылған. Әрине, ел іші болған соң жалқаулар немесе іске икемсіздер кездесетіні жасырын емес. Бірақ, кейбіреулердің «ауыл құрып жатыр» деп байбалам салудың реті жоқ. Қазір мемлекет тарапынан ауылға беріліп жатқан көмекті, қолдауды тиімді пайдалана білген отандастарымыз кішкентай шаруашылықтарының өзін дөңгелентіп жатыр. Олар осылайша, бірте-бірте шаруа ауқымын кеңейте береді.

Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру үшін дамыған шетелдік технологияларды батыл пайдалану қажет.

Өзімізде де қазіргі уақытта әр өңірде замануи технологияларды пайдаланып жұмыс жасап жатқан, сол арқылы көл-көсір пайда алып келе жатқан шаруашылықтар баршылық. Олар өндірген өнімдер шетелдерде үлкен сұранысқа ие болып келеді.

Мысалы:

- Жылыжай өнімдері (маусымаралық)

- «АкТеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ет өнімдерін вакуумдық қаптамаларда шығарады

- сүт өнімдері

- астық өнімдері

 

Міне, осындай озық технологияларды пайдаланып жатқан кәсіпорындардың жұмысын басқа шаруашылықтарға, кәсіпорындарға насихаттау керек. Ол үшін аумақтық семинар-кеңестер, көрмелер, шеберлік сабақтарын ұйымдастыру қажет деп есептеймін.

 

 

 

4.    Ақтөбедегі шаруалардың дамуы, сондай-ақ мемлекеттен алып жатқан көмегі бойынша жағдайлары қандай?

 

Жауап:

 

 

5.    Субсидияның орнына аса жеңілдетілген пайызбен несие беру керек деген оймен келісесіз бе? Осы бағытты қолдайсыз ба?

 

Жауап:

- Иә, Жолдауда: «Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет» деп атап көрсетілген.

Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидия түрлерінің санын азайтуды көздеп отыр. Ол өте орынды. Тиімсіз субсидия дегеніміз, берілген субсидияның әр егілген гектардан алынған өнімге шаққанда өзін-өзі өтемеуі.

- көпжылдық екпе шөптерге

 

 

Тиімді субсидия

- асыл тұқымды малға немесе мал тұқымын асылдандыруға

- өндірілген өнімге (ет, сүт т.б. ауыл шаруашылығы өнімдері)

- инвестициялық субсидия – өңдеу; жаңадан құрылған кооперативтер (оларға техника басқа да құрал-жабдықтар)

 

 

Агроөнеркәсіп кешенінде Ғылыми-зерттеу институттарының жұмыстарын пайдалануды жандандырып, олардың қызметін өндіріске бұру қажет.

- тәжірибе стансаларының жұмыстары

- олардың материалдық базасы

- олардағы маман-кадрлар

 

 

 

6.                Ауыл шаруашылығында қызмет ететін ірі мекемелер әлеуметтік мәселелерді қалай шешіп жатыр? Ақтөбе облысында бұл жұмыс қандай деңгейде атқарылуда?

 

Жауап:

- Жақында ғана өңірге іссапар барысында ауылдағы әлеуметтік салаға да ерекше көңіл аударған болатынбыз. Дамыған, шаруасы жолға қойылған, өндіріс ауқымы үлкен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өз еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайына да ерекше мән беріп келеді.

Мысалы, Ақтөбе облысының «Степное», «АкТеп», «Тоқмансай», «Құмқұдық», «Париж коммунасы» сияқты ондаған ауыл шаруашылығы құрылымдарында өз адамдарына еңбек және тұрмыс жағдайын жасап отыр. Бірқатары жас мамандарды жатақханамен қамтамасыз еткен, еңбеккерлерге үш мезгіл тегін тамақ, бір үлгідегі киім-кешек берілген.

Ал, Қобдада мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында амбулатория пайдалануға берілді. Кешірерсіз, ондай ғимаратты, жетілдірілген жабдықтарды, сырқаттың тиімді ем-дом алуына жасалған жағдайды кез-келген қаладан кездестіре алмайсыз.

 

7.    Инвестициялық жобалардың көп болуына не кедергі? Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін қандай жұмыстарды атқару керек?

Жауап:

Елімізде инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалған.

Соңғы екі-үш ай аралығында Парламентте қабылданған Салық, Кедендік реттеу және Жер қойнауы Кодекстері де инвесторлар үшін аса тиімді болар деп ойлаймын.

Осы орайда да мемлекеттік қызмет көрсету цифрландырылған. Мысалы, үйде отырып-ақ интернет желісінің көмегімен субсидия құжаттарын әзірлеп, субсидия алуға тапсыруға болады.

 

- несие жақсы жағдайда қайтарым мерзімі ұзақ, %, табиғи жағдай

 

 

- шетелдік және отандық инвесторлармен жұмыс

 

- инвестициялық субсидиялар – басымдықтарына қарай 30 – 50

 

- өндіріс рентабельді, өнім өткізу қабылеті, еңбек өнімділігі

 

- қайта өңдеу – мүмкіндігі

 

- инвестициялық жалақы

 

Ресейде

- фондирование (банк өзінің негізгі қызметін қамтамасыз ету үшін пайдаланатын тартылған ресурстар)

- қаржылық көмек

 

Мал шаруашылығын материалдық қолдау шаралары және - инфрақұрылым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білікті мамандар дайындау – уақыт талабы

 

Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауда табысты жұмыс істеп келе жатқан еліміздің нарықтық экономикалық моделін одан әрі жетілдірудің, дамудың жаңа сапалық кезеңіне көтерілудің ке­шенді стратегиялық жоспары белгіленді. Елбасы төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін нақты айқындап берді. Мені ауыл шаруашылығы маманы ретінде «ақылды технологиялар» арқылы агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндіктері қатты қызықтырады. Ал­дымызға бес жыл ішінде АӨК-тегі еңбек өнімділігін және өңделген ауылшаруа­ шылық өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыру міндеттері қойылды. Бұл тапсырма астықты өңірлер үшін өте маңызды. Осы орайда біз астық өсірудегі көпжылдық іс-тәжірибелерге сүйеніп келеміз. Десек те тарихи құжатта атап өтілгендей, қолдағыны місе тұту, барға қанағаттану жеткіліксіз. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарық­ тарға жоғары сапалы дайын өніммен шығу басты талаптардың біріне айналғанын, оған жету үшін бірінші кезекте аграрлық ғылымға, екіншіден, білікті кадрлар көме­ гіне сүйенуіміз керек. Өкініштісі сол, осы әлеуетті толығынан пайдалана алмай келе жатқанымызды мойындауға тиіспіз. Біздің агрофирма егіншілік саласын қа­ рышты дамытып, озық технологияларды кеңінен қолданып келеді. Гектар шығым­ дылығы 20-22 центнерден кеміген емес. Соңғы жылдары астық өндірісін әрта­ раптандыруға ерекше мән беріліп, майлы дақылдар көптеп өсіріледі. Нөлдік техно­ логияларды қолдану, топырақ құнарлы­ лығын арттыру қалыпты үрдіс саналады. Жолдаудағы «егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжам­ даудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады», деген сөздер маған үлкен ой салды. Жаңа технология­ лар мен бизнес-модельдерді енгізу, сөз жоқ, адам күшімен атқарылады. Осы тұрғыдан сөз қозғайтын болсақ, біз секілді алып шаруашылықтар да жан-жақты инновациялық сипатқа, интеллектуал­ ды ақыл-ойға ие адами капитал күшіне мұқтаж. «Бюллер», «Джон-Дир», «Морис», «Кейс» секілді жоғары өнімді шетелдік тех­ никалармен жұмыс істеуге жас мамандар тәуекел ете бермейді. Оның үстіне «Байер Круп Сайтес», «Монсанто» сияқты белгілі компаниялармен тікелей байланыс жасай­ мыз. Әсіресе көктемгі, күзгі науқандар кездерінде білікті механизаторлар мен комбайншылар жетіспейді. Меніңше, озық технологияларды терең игерген мамандар­ ды жан-жақты дайындау ісіне баса назар аудармай болмайды. Олар ағылшын тілін меңгерсе де, еш артықтық етпейді. Қазір мамандар колледждерде оқытылғанымен, тиянақты білім алып шығып жатқаны ша­ малы. Өйткені тәжірибе ретінде көбіне кеңестік үлгідегі техникалар ұсынылады. Бұдан кейін өзгерістерге бейім, білімді, білікті маман талап етудің өзі орынсыз. Біз асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен де айналысамыз. Бұл сала да білікті кадрлар­ ды қажет етеді. Бүгінгі таңда индустрия­ ландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналып келе жатқанын ескерсек, ауылдық жерлерде де ерекше маңызға ие болып отыр. Сондықтан да аграрлық универси­ теттердің рөлін қайта қарап, диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін маман­ дар даярлау қажет деген ұсыныс та көкейге әбден қонады. Жастарды жаңа технологиялық қалыпқа икемдеу уақыт талабы екенін ұмытпайық.

 

Поделиться