Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Семь граней Велкиой степи

23.11.2018 0

ДЖУМАГАЗИЕВ Мухтар Сабирович (3)

Мұхтар ЖҰМАҒАЗИЕВ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

«Ұлы Даланың жеті қыры»: пікір

 

 

РУХАНИ БАЙЛЫҚ – МӘҢГІЛІК

 

 

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Түркі әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияның көпіріне, Шығыс пен Батыстың қақпасына айналған, сан ғасырдан бері иелігімізде қалған Ұлы даланың жеті қырын айқындап берді. «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» және «Тарихи сананы жаңғырту» деп аталатын екі бөлімнен тұратын толғауы терең, мән-мағынасы шексіз, тұғыры берік туынды қазақстандықтарды ғана емес, бүтін түркі халқын, күллі әлемнің көкірегі ояу, көңілі жарық тұлғаларын елең еткізді.

Тұңғыш Президентіміз–Ұлт көшбасшысының бұл мақаласы “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының жалғасы екені айқын көрініп тұр. Бұл жөнінде Елбасы мақаладағы қорытынды сөзінде де атап өткен. Сондықтан бұл туынды ұлтымыздың, барша  қазақстандықтардың рухани өмірін жаңғыртудың негізгі тұғыры – ұлт тарихына арналғанын байқаймыз.

Әрине, кез келген ұлттың ана тілі, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі және тарихы сол ұлтты өзгеге танытатын, таныстыратын және өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын негізгі белгілер. Демек, атап көрсетіп отырған ерекшеліктерімізді көздің қарашығындай қорғап, сақтап, дамытуымыз қажет. Сонымен қатар, қазіргі заманның даму динамикасын, коммуникациялар қарқынын, қарыштап дамыған ақпараттық құралдардың әлеуетін, теріс пиғылдағы топтардың кері тартар және деструктизмге құрылған ойлары мен іс-әрекеттерін ескерер болсақ, біз ұлтымыздың ерекшелігін анықтайтын белгілерді сақтап қана қоймай, оларды дәріптеп, насихаттауымыз аса маңызды. Осы орайда, ұлтымыз бен ұлысымыздың рухани казынасының бос тұрған бөлшегін Мемлекет басшысының “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласы өзінің құндылығымен және маңыздылығымен толықтырып тұр.

Нұрсұлтан Әбішұлы осы мақаласы арқылы қазақ ұлты, оның әлемдік өркениетті дамытуға қосқан үлесі, Ұлы даланы аманат қылып кейінгі ұрпаққа қалдырған көне дәуір тарландарының Еуразия кеңістігіндегі ұлттар мен ұлыстар мәдениетін қалыптастырудағы қолтаңбасы жөнінде көптің көңіліндегі сандаған сауалдарға жауап берді. Біз тілге тиек етіп отырған бағдарламалық мақала түгел түркі халқы мен Ұлы даладан бастау алатын ежелден тамырлас ұлыстардың да ортақ игілігіне айналары анық.

Сонымен, біз сақтардың, ғұндардың, түркі этникалық топтарының мұрагерміз. Әрине, біз ұлтжанды халық екендігімізді көрсете отырып, біздің тарихымызға көптеген әр түрлі ұлт өкілдері еңбек сіңіргенін білеміз. Президент мақаласында бұл жөнінде де айтылған. Сондықтан, ұлттық болмысымызды, кодымызды өзіміз танып қана қоймай, өзгелерге де таныту біздің идеологиямыз болып табылады.

Алдағы мақсатымыз – біз өз тарихымызбен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасауымыз қажет. Біз жаһандану заманына, рухани жаңғыру дәуіріне тереңде жатқан тамырымызды солдырмай енуіміз керек. Осы орайда, біздің тарихшыларымыздың, көне әдебиетіміз бен  мәдениетімізді, жазу-сызуымызды зерттеп жүрген ғалымдарымыздың алдынан жаңа бір ізденістердің шыңы мен шыңырауы көрінді, күн тәртібінен орын алды.

Қазіргі таңда халқымыз тек қана материалдық тоқшылықпен шектелуге болмайтындығын түсініп отыр. Ол – уақытша. Ал рухани тоқшылық – мәңгілік. Елбасының мақаласы да осы қастерлі ұғымды ел санасына сіңіруді көздейді.

Ендігі біздің баршамыздың міндетіміз – Президент айқындап берген басымдықтарды іске асыруға көп болып, жұдырықтай жұмылу. Бұл – біздің халқымыздың, қазақстандықтардың қолынан келеді.

Егемен Қазақстан

2018ж, Қараша

Поделиться