Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Сенат Парламента
Республики Казахстан

Новости

Статья «Тарихи Еңбек», газета «Егемен Қазақстан»

01.12.2020 0

«Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев білімді адамның санасындағы жоғары игілікті көре білді. Абай еңбек, халық үшін қызмет ету адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің өлшемі екенін атап өткен еді.

Қоғам қайраткерінің, саясаткердің тағдыры – оның барлық қызметінің елге танымал болуына орай жұртшылықтың айрықша назарында өтіп жатыр.

Қазақстан – көпұлтты, көптеген діндері мен конфессиялары бар ел және бұл фактінің маңыздылығы да жоғары болды. Тәуелсіздік жылдарындағы дербес жолында Қазақстан ең бастысы – өз аумағындағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтай алды, бұл ретте елдің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекші рөл атқарғаны сөзсіз. Көпұлтты факторды республиканың шынайы игілігіне айналдыра алатын көшбасшы – тұрақтылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың шынайы кепілі.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірбаяны ел мен халықтың қазіргі тарихымен бірге қаралады.  Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылы республика президенті болып сайланып, ел мен оның азаматтары үшін зор жауапкершілікті өз мойнына алды. Ол идеялардың генераторы, мемлекет үшін күрделі және маңызды процестердің модераторы болды.

Қазақстанның барлық ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екені сөзсіз.

1991 жылғы 1 желтоқсанда бірінші бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республика президенті лауазымына қайта сайлаған халықтың таңдауы егеменді мемлекеттің тарихында тағдыршешті шешім болған  еді. Еліміздің Тұңғыш Президентінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қоюы қазіргі Қазақстан тарихындағы бетбұрыс болды.

Конституцияны қабылдау, мемлекет рәміздерін – туды, елтаңбаны, гимнді бекіту, ұлттық валютаны енгізу, Қарулы Күштерді құру, мемлекеттік шекараларды заңнамалық тұрғыдан рәсімдеу – осының бәрі мемлекеттіліктің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне айналды.   

Одақ ыдырағаннан кейінгі аса ауыр дағдарыс жағдайында елдің басшылығының алдында реформалардың іске асырылу ретін таңдау, даму басымдықтарын таңдау деген қиын мәселе тұрды. Өз мемлекеттілігін нығайта отырып, жас Қазақстан егеменді ел дамуының басты басымдығы ретінде экономикаға қателіксіз үміт артқан шешім жасады. «Алдымен экономика, содан кейін саясат» деген қағидат өзінің өміршеңдігін көрсетті және өзін толығымен ақтады. Экономикалық тұрғыдан жаулап алуларға арқа сүйей отырып, ел бұл саясатты сәтті түрде ырықтандыра алды. 

Елдің мүдделерін әскери күшпен емес, оның экономикалық жағдайымен, гуманистік тұрғыдан қайта жаңғыру бағытымен, мәдениеттің тартымдылығымен қорғау Тұңғыш Президентіміз мұқият түрде дамытқан ұлттық идеяға айналды...

...Тарихи көшбасшылар өздерінің ойлау ауқымына қарай әрекет етеді деген тұжырым бар. Әлемдік саясаттануда табысты прагматикалық саясаткердің, реформатордың, еуразиялық интеграцияны жақтаушының факторы – «Нұрсұлтан Назарбаев факторы» термині негізсіз пайда болған жоқ.

Егер мемлекеттің осындай жаһандық жетістікке жетуіне негіз не болды деген сұрақ жөнінде ойланатын болсақ, ол сұраққа жауап айқын – тарихтың ең жауапты кезеңінде республиканы алдын ала болжай білетін қабілеті мен батыл саяси ерік-жігері бар, көпұлтты халықты біріктіріп, шоғырландыруға және біртұтас ұлтты өркендеуге жетелей білген Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқарды.

Бұл – орын алған ақиқат және біздің Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи еңбегі. Өйткені, біздің дана бабаларымыз айтқандай: «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра білген басшы мақсатына жетеді».

           

Поделиться