Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"О ратификации Протокола о внесении изменения в Договор аренды комплекса «Байконур» между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года"

19.05.2021 0

Комитет отырысы

 

 

1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама 2018 жылғы 9 желтоқсанда Петропавлда жасалды.

Хаттамамен Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту бөлігінде өзгеріс енгізу көзделеді. Бүгінде «Байқоңыр» әлемдегі ең сенімді және белсенді ғарыш аймағы болып саналады. Оның есебінде әртүрлі аппараттары бар 3 мыңнан астам ғарыш зымырандары ұшырылды және 150-ге жуық ғарышкерлер орбитаға шықты.

Заң жобасы «Байқоңыр» ғарыш айлағында бірлескен жобаларды жүзеге асыру шаралары, соның ішінде «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясының жалға алу мерзімін ұзартуды, сондай-ақ, ғарыш айлағын жаңғыртуды, экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін құру мен Байқоңыр қаласын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын іске асыруды көздейді.  

Келісімнің күшіне енуі «Байқоңыр» кешенін Қазақстан мүддесіне тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, осы айлақта Ресей Федерациясының ұзақ мерзімді ғарыштық бағдарламаларын, соның ішінде халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыруға ықпал етеді. Заң жобасын қабылдау теріс экономикалық, элеуметтік, құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Поделиться