Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования процедур реабилитации и банкротства, бюджетного, налогового законодательства и законодательства о железнодорожном транспорте»

12.11.2019 0

Құрметті әріптестер!

 

 

Қаралып отырған заң жобасы «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның кейбір ережелерінің практикада тиімсіз қолданылуына байланысты және

Елбасының 2017 жылғы қыркүйекте Парламенттің алтыншы шақырылымының үшінші сессиясының ашылуында берген оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

Заң жобасы:

- оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану шарттарын жеңілдетуге;

- рәсімдерді жүргізу мерзімін қысқартуға;

- жұмыс істемейтін борышкерлерді жеңілдетілген түрде таратуға бағытталған үш үлкен блокқа бөлуге болатын түзетулерді қамтиды.

 

Мысалы, рәсімдерді қолдану шарттарын жеңілдету шеңберінде Заң жобасы оңалту рәсімін қолдану үшін –  борышкер міндеттерін 4 айдан аса орындамаса, уақытша төлемге қабілетсіздікті негіз ретінде қарауды ұсынады.

Кейін уақытша әкімші тағайындалады. Ол борышкердің қаржылық тұрақтылық деңгейін анықтаумен айналысады.

Банкроттық рәсімін қолдану осыған ұқсас тәртіппен жүргізіледі.

Тұтастай алғанда, Заң жобасы қолданыстағы рәсімдердің айқынсыздығын жоюға, сондай-ақ оңалту және банкроттық процестерін құрылымдауға бағытталған.

Баяндамашы Заң жобасының жаңалықтары туралы жан-жақты баяндап берді. Қайталанудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Заң жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның өкілдерінің қатысуымен бірнеше жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Жобаны қарау барысында туындаған ескертпелер мен ұсыныстар салыстырмалы кестеге енгізілді.

Осыған орай, салыстырмалы кестені қарауға көшуді ұсынамын.

Рахмет.

Поделиться