Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Налоговый Кодекс Пленарка

07.12.2017 0

Құрметті Төраға!

Құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауды іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы негізгі міндеттердің бірін – салық және бюджет саясатын жаңа экономикалық ахуалға сәйкестендіруді іске асыру мақсатында әзірленді.

       Салық Кодексінің жобасы қолайлы кәсіпкерлік ортаны құруға, дамудың стратегиялық мақсаттарын іске асыруға және елдің алдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жағдайлар құруға, сондай-ақ бизнестің дамуына және елдің бәсекеге қабілетті экономикасын, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою және салықтық, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жолымен арттыруға бағытталған. 

Баяндамашы аталған жобалардың негізгі бағыттарын толықтай таныстырып өтті.

Салық Кодексімен бірге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.

Заң жобасын әзірлеудің қажеттігі Салық кодексінің жобасында 2019 жылдан және 2020 жылдан бастап күшіне енетін немесе 2022 жылға дейін қолданыста болатын баптардың едәуір саны болуымен негізделген.

Сонымен қатар Салық Кодексін заңнамалық актілеріне сәйкестендіру үшін, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.

Заң жобасы сегіз Кодекске және отыз бес Заңға өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейді.

Барлық заң жобалар Конституцияға және халықаралық құжаттарға қайшы келмейді.

Жоғарыда көрсетілген жобалар бойынша Комитетпен бес жұмыс тобының отырыстарын және комитеттің кеңейтілген отырысын өткіздік.

Сенаттың тұрақты комитеттерінен заң жобаларының тұжырымдамасы бойынша ескертулері мен ұсыныстары түскен жоқ.

Баяндалғанды ескере келе, Қаржы және бюджет Комитеті Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.

Назарларыңызға рахмет!

 

 

Поделиться