Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступил на круглом столе на тему «Социально-предпринимательские корпорации – институт регионального развития»

16.03.2018 0

 

 

Құрметті Әріптестер!

 

Бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланып отырған тақырып ел экономикасында және өңірлердің одан әрі дамуындағы маңызды мәселелердің қатарында.

Қазақстан Республикасында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары Елбасының идеясымен құрылған болатын. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылғы  жолдауына сәйкес «әрбір Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары өзіндік бір өңірлік даму институтына айналуға тиіс, және корпорациялардың қызметі жаңа жобалар тартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, кооперациялануды күшейтуге бағытталынады. Сөйтіп ӘКК ірі жұмыс берушілерге әрі ел дамуының жолбасшысына айналады, бұл ретте ол мемлекеттік қызметшілер санын өсіріп, мемлекетке салмақ салмайтын болады» делінді. Яғни, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары – бизнес пен жергілікті атқарушы органдардың «Алтын көпіріне» айналуы қажет болатын.

Осы уақыттың ішінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары  айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізді.

Мәселен, 2017 жылға  Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының қызметі туралы ақпаратқа сәйкес аталған корпорацияларымен 102 жуық инвестициялы жобалар іске асырылған, оның ішінде «Астана» ӘКК-на 20-дан астам тиесілі.

Сондай-ақ, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын  жаңғыртудың  2011 -2020 жылдарға арналған», Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры қолдану және қалыптастыру бағдарламаларын өңірлерде тиімді жүзеге асыруына өз септігін тигізуде.

         Сонымен қатар, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары өңірлердегі шағын және орта бизнесті дамытуға өз үлестерін қосуда. Шағын және орта бизнесті дамытудағы оң нәтижелерінің  бірі «Атырау» ӘКК-мен қолдауымен және «Розметова» шаруашылық қожалығының бастамашысымен құрылған  «заанен» асыл тұқымды ешкілерін өсіру және ешкі сүті мен етін өңдейтін мал кешені. Бұл жобаның жалпы құны 647 млн. теңге, «Атырау» ӘКК тарапынан 385 млн. теңге қаржы бөлінген, қарыздың бүгінгі таңда 133 млн. теңгесі кейін қайтарылған.  

               Екінші сондай «Атырау» ӘКК қолдауымен және  «Жігер» ШҚ бастамашылығымен құрылған жобалардың бірі 200 мың тауыққа арналған құс фабрикасы. Жобаның қуаты жылына 80 млн. дана тауық жұмыртқасын шығаруға есептелген. Жобаның жалпы құны 1.1 млрд. теңге. «Атырау» ӘКК тарапынан 571 млн. теңге қаржы бөлінген.

         Өкінішке орай жоғарыда аталған жобалар Республика бойынша саусақпен санарлық.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары құрылғанына және жұмыс істеп жатқанына 10 жылдан астам уақыт өтткенімен, әлі де болса жоғары деңгейдегі нәтиже бермей тұр. Бұған себеп, Уәкілетті орган тарапынан нормативтік құқықтық құжаттардың қазіргі заман талабына сай жаңармауы қол байлау болып отыр. Менің ойымша, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары туралы арнайы заңды қабылдайтын уақыт жеткен сияқты. 

Кем тұстарына келетін болсақ, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының 2016 жылғы қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне сүйенсек олардың кірісі 31,5 млрд. тенге, ал шығысы 31,8 млрд. теңгені құрады.

Ал, Байқоңыр, Есіл, Каспий, Орал, Солтүстік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары 2016 жылды шығынмен аяқтаған және олардың жалпы шығыны 313 млн. теңгені құраған.

         Бұл көрсеткіштер Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының өз деңгейінде жұмыс атқармауынан және олардың жұмысы барысында көптеген проблемалардың болуынан екенін атап өту қажет.

         Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары қызметінде көптеген проблемалар баршылық, оларды айта кететін болсақ:

-                    Көптеген Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары шығынды болуы.

Мәселен 2014 жыл  12 ӘКК, 2015 жылы 6 ӘКК, 2016 жылы 6 ӘКК жылды шығынмен аяқтаған;

-                    Жекелеген үкіметтік бастамаларының жүзеге асыруға қатысуы (микрокредиттеу, тұрғын-үймен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігі және т.б. мәселелер бойынша)

Мемлекеттік бағдарламаларды және үкіметтік бастамаларды жүзеге асыруға қажетті ӘКК-ының ағымдағы шығыстарын қаржыландыруды  қолданыстағы заңнамаларда  қарастырылмаған. Басым мемлекеттік бағдарламалар және үкіметтік бастамаларды жүзеге асыру барысында шығынды болып келеді және бұл шығындар ӘКК өзінің қаражаты есебінен жабылған, осының нәтижесінде ӘКК шығынға алып келуде.

-                    Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорацияларын капиталдандыруының жеткіліксіздігі.

«Есіл» ӘКК 3,4 млрд. теңге, «Шымкент» ӘКК 4,2 млрд. теңге, «Тараз» ӘКК 4,2 млрд. теңге жарғылық капиталында қарастырылған бұл өз кезегінде ауқымды жобаларды жүзеге асыруда мүмкіндігі аздау. (салыстырмалы түрде ең жоғарғы жарғылық капитал «Алматы» ӘКК 31,8 млрд. теңгені құрайды)

-                    Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорацияларының инвестициялық мүмкіндіктерді іздеудегі белсенділігінің жеткіліксіздігі.

Мысалы 2017 жылы «Байқоңыр» мен «Жетісуда» 2, «Ақтөбе» мен «Есілде» 3, «Каспий», «Павлодар», «Солтүстік» 4 қана инвестициялық жобалар жүзеге асырылған, бұл өте төмен көрсеткіш.

-                    Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары қызметінде коммерциялық және коммерциялық емес міндетерінің аралас болуы, бұл өз кезегінде басымдылық қызметін жүзеге асыруда мүмкіндік бермеуде;  

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының қызметі инвестицияларды тартуға және өңірге қажетті   жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде түскен түсімдер өңірдегі әлеуметтік  саланы дамытуға бағыталады. ӘКК қызметі облыс және ел деңгейінде жүзеге асырылатын жаңа жобаларды тартуға бағытталады,  бірақ-та ӘКК-ның шығындылығы инвесторларды тартуға кері ықпалын тигізуде.

Құрметті әріптестер!

 

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары инвестициялар мен күш-жігерді біріктіре отырып, өз өңірі үшін перспективалы, тіршілікке бейім, бәсекеге қабілетті жобаларды іске асыра отырып бизнестің өркендеуіне түрткі болатын ел дамуының жолбасшысына айналуы қажет және бүгінгі дөңгелек үстелдің отырысында ӘКК қызметіндегі өзекті мәселелерінің барлығы қарастырылып, өз шешімін табады деген сенімдемін.

 

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

 

Поделиться