Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутатский запрос о включении проекта строительства автомобильной дороги Бейнеу – Шалкар в инфраструктурную программу Правительства

02.09.2021 0
 

           Қазақстан Республикасының

            Премьер-Министрі

              А.Ұ. МАМИНГЕ

                                              

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

 

Биылғы елдегі болған қуаңшылық батыс және оңтүстік  облыстарда, мал шаруашылығы саласына біраз қиыншылықтар туғызды.

Дегенмен, Үкіметтің тікелей араласып, ондаған миллиард қаржы бөлінуі нәтижесінде бұл жағдайдың  тұрақталуына қол жеткізілді.

Әйтсе де, әлі күнге дейін, облыс әкімдері мен аудан әкімдері мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз етумен айналасуын тоқтатқан жоқ,  себебі бұл мәселе  оңай шешілетін шаруа емес.

Қазіргі мезгілде, жем- шөптің темір жол арқылы шалғай облыстардан жеткізілуінің қымбат түсуіне байланысты, субсидия арқылы арзандатылуда.

Осындай шешімге миллиардтаған қаржы жұмсалуда. Бірақ, бұл әр жыл сайын қолданатын ұтқыр қадам емес,  алдағы көп жылдарға есептелген тиімді де жүйелі шешім қабылдауды қажет етеді.

 Өткен тамыз айындағы іс сапарымызда, Маңғыстау облысының мал шаруашылығы саласында жүрген кәсіпкерлермен және ауыл тұрғындарымен кездесулерде, олар жем-шөп тасудың экономикалық тиімді логистикасын құру туралы мәселенің жүйелі шешілуіне ықпал етуді сұрады.   

Әрине, бұл  ұсыныстардың ұтымды шешімі қайта айналып, көптеген жылдар ескерілмей келе жатқан,  Бейнеу – Шалқар автомобиль жолын салу мәселесіне әкеліп тіреледі.

Егер, осы бағыттағы тас жол іске қосылған  жағдайда,  облыстағы мал шаруашылығы саласында жүрген барлық кәсіпкерлер мен фермерлерге мал азығын қамтамасыз етуді өз күштерімен және өз көліктерімен тасымалдауға  мүмкіндігін туғызып қана қоймай, мал азығы шығындарының құнын да  азайтушы еді.

 Қыстың қамын жазда ойла демекші, алдағы уақытта, Маңғыстау өңірі тұрғындары үшін,  осы мәселені шешудегі бірден-бір ұтымды бағыт,  аталған тас жолын салу болып отыр.

 Тағы бір ескеретін жағдай ол, Қытай-Батыс Европа дәлізі арқылы өтетін  жүк тасымалының, Ақтаудағы Құрық теңіз портына баратын  жолы да  кемінде 1 мың шақырымға қысқартылып,  өндіріс орындарының, шағын және орта бизнестің  ауқымын кеңейткен болар еді.

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы,

Бейнеу – Шалқар тас жол құрылысын салу жобасын Үкіметтің инфраструкстуралық  бағдарламасына енгізуді сұраймыз.

 

 

 

Құрметпен,                                                                                                    Б. ШЕЛПЕКОВ

 

                                                                                                С. АЛДАШЕВ

Поделиться