Сенатор Лукпанов С.Е. выступил содокладом на расширенном заседании Комитета по головному законопроекту РК
Экономикалық саясат, инновациялық
даму және кәсіпкерлік комитетінің
мүшесі С.Е. Лұқпановтың комитеттің
кеңейтілген отырысындағы
(19.01.21ж. сағ. 11.00 212 бөлме)
баяндамасы
«2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша
Баяндама
Құрметті Дәурен Зекенұлы!
Құрметті әріптестер!
Бүгінгі сіздердің қарауларыңызға ұсынылып отырған заң жобасының негізгі мақсаты - екі ел арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы рұқсат беру жүйесін
енгізу арқылы көлік қызметтерінің халықаралық нарығындағы отандық тасымалдаушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған.
Хаттама 2019 жылдың 15 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында жасалған.
Сонымен қатар, Хаттаманы ратификациялау Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда - экономикалық қатынастар мен көліктік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға оң серпін беретін болады.
Хаттама «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес ратификациялауға жатады.
Ұсынылған заң жобасын қабылдау қандай да бір кері әлеуметтік, экономикалық және саяси салдарға әкеп соқтырмайды.
Заң жобасы оны әзірлеушілердің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралып, туындаған бірқатар сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алдық.
Заң жобасы бойынша Сенаттың барлық Комитеттерінен оң қорытындылар берілді.
Құрметті әріптестер!
Аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын және Комитеттің атынан Сенаттың жалпы отырысының күн тәртібіне енгізу туралы ұсыныс енгіземін.
Назарларыңызға рахмет!