Депутат Сената Парламента Республики Казахстан, содоклад члена комитета по финансам и бюджету Орынбекова Б. С. по проекту Закона Республики Казахстан "О ратификации Соглашения о Совместном инженерном подразделении гуманитарного разминирования вооруженных сил государств – участников Содружества Независимых Государств"
ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С. Орынбековтің «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша қосымша баяндамасы
(Комитет отырысына, 29.09.2021 ж.)
Құрметті Ольга Валентиновна!
Құрметті әріптестер!
Қаржы және бюджет комитетінің отырысына ұсынылып отырған бұл заң жобасы, ТМД-на қатсыушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру кезіндегі негізгі құжат болып табылады.
Аталған келісім 2020 жылғы 18 желтоқсанда ТМД-на қатысушы мемлекет басшыларымен жасалған болатын және оның мақсаты гуманитарлық минасыздандыру тапсырмаларын орындау кезінде Бірлескен бөлімшені қалыптастыру, қолдану және оның кызметін аяқтау тәртібін, оның қабылдаушы немесе транзиттік тараптың аумағындағы мәртебесін, сондай-ақ әскери қызметшілердің гуманитарлық минасыздандыруды жүргізу кезеңіндегі мәртебесін нақты айқындау болып табылады.
Сонымен қатар, келісімді ратификациялау, ТМД-на қатсыушы мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы өзара қызығушылық тудыратын бағыттар мен мәселелер бойынша ынтымақтастық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп санаймын.
Заң жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.
Осыған байланысты, осы заң жобасын қолдаймын және бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз қорытындыны жолдауды ұсынамын.
Назарларыңызға рахмет!