Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Сената Парламента Республики Казахстан, содоклад члена комитета по финансам и бюджету Орынбекова Б. С. по проекту Закона Республики Казахстан «О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о создании на космодроме «Байконур» космического ракетного комплекса «Байтерек» от 22 декабря 2004 года»

20.10.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С. Орынбековтің «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша қосымша баяндамасы

(Комитет отырысына, 20.10.2021 ж.)

 

 

 

Құрметті Ольга Валентиновна!
Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі, Қаржы және бюджет комитетінің отырысына, ұсынылып отырған заң жобасы, ғарыштық бағдарламалар мен коммерциялық жобаларды іске асыру кезіндегі негізгі құжат болып табылады.

Аталған хаттама, «Байқоңыр» ғарыш айлағында ресейлік ғарыш зымыран кешенінің базасында, экологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары «Бəйтерек» ғарыш зымыран кешенін бірлесіп əзірлеуге жəне құруға бағытталған.

Осы жобаны кұру және icкe асыру, Қазақстан Республикасыньң ғарыш мемлекеттерінің клубына кipyi жөніндегі үлкен қадамы болғалы отыр.

Алайда, хаттамада көрсетілген ғарыш аппараттарын орбитаға шығару жобаларын іске асыруды жеделдету мақсатында арнайы жол картасын әзірлеу бойынша және әрбір коммерциялық ұшырлымдардан түсетін 10 млн. доллардың бір бөлігін, Байқоңыр қаласы мен оған іргелес жатқан Төретам мен Ақай елді мекен тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ, келешекте дербес инфрақұрлым жүргізуді қолға алып, тәуелсіз ұшыру аймақтарын құру бағытында жұмыстар жүргізілуі тиіс деп санаймын.

Заң жобасы бойынша әзірлеуші және мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, осы заң жобасын қолдаймын және бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз қорытындыны жолдауды ұсынамын.

Поделиться