Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступил содокладчиком на заседании Комитета по проекту Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам транспорта и недропользования»

19.10.2022 0

Содоклад депутата Байахметова Б.К. на заседании Комитета по обсуждению проекта Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам транспорта и недропользования»

19 октября 2022 года

 

Құрметті Серікбай Өтелгенұлы!

Құрметті депутаттар!

Сіздердің қарауыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы ұсынылып отыр.

Аталған Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес әзірленген.

Заң жобасы келесі мәселелерді қамтиды:

- Автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын бұзылуына жол бермеу мақсатында жолдарда көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшейтін автоматтандырылған станцияларды орнату.

- Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңын «Суға батып кеткен кемелерді жою туралы» 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясына сәйкестендіру.

Атап айтқанда, заң жобасында кеме иесінің суға батқан мүлікті көтеру жөніндегі өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі міндетін белгілейтін нормалар көзделген.

- Жолаушылар поездарының жылжымалы құрамының түсуіне немесе соқтығысуына әкеп соққан оқиғаларды тексеруді уәкілетті органның құзыретіне беру;

- Азаматтық авиация саласында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануды сертификаттау рәсімін енгізу, қашықтықтан сәйкестендіруге қойылатын талаптарды белгілеу және оларды пайдалану аймақтарын айқындау. Осы мақсатта, «Ұшқышсыз авиациялық жүйе» және «ұшқышсыз әуе кемесі» ұғымдары енгізу;

- Авиакомпанияларға әуе кемесінің бортында жасаған іс-әрекеті үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы күшіне енген сот шешімінің негізінде, әуе тасымалына шектеу қойылған адамдардың тізілімін жүргізу құқығын беруді көздейді.

Сонымен қатар, Заң жобасында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның:

мұздануға қарсы қорғау; 

ұшуды жүзеге асыру кезінде құстар мен жабайы жануарлар тудыратын қауіптерді басқару;

және ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындау өкілеттігін беру ұсынылады.

 Сондай-ақ Заң жобасында жер кодексіне оны авиациялық заңнамамен байланыстыру үшін ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру бөлігінде өзгерістер енгізу көзделген.

Заң жобасын қабылдау жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздікті күшейтуге, көлік және азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігін арттыруға, автомобиль жолдарының және басқа да көлік инфрақұрылымдарының сақталуын қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне  күрделі жобалар үшін жақсартылған модельдік келісімшартты бекіту бойынша түзетулер енгізілді. Бұл туралы өз баяндамасында Энергетика вице-министрі атап өтті.

Құрметті депутаттар, осы заң жобасын қолдауларыңызды және осы заң жобасы бойынша оң қорытындыны бас Комитетке жолдауды сұраймын.

Назарларыңызға рақмет!

Поделиться