Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

На заседании комитета выступил с докладом «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам цифровизации государственных услуг в рамках единого государственного кадастра недвижимости»

14.02.2023 0

Комитет отырысында қаралып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы еліміз үшін маңызды болып отыр.

Заң жобасы Мемлекет басшысының халық пен бизнестің жер қоры мен жылжымайтын мүлік туралы ақпаратқа ашықтығын және толық қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Сондай - ақ, жер қатынастарын цифрландыру шеңберінде жер учаскелерін беру тәртібін жетілдіру және оңтайландыру болып табылады.

Осы орайда, бос жатқан жер учаскелері, тіркелген жылжымайтын мүлік объектілері, инфрақұрылымдар туралы ақпаратқа тең және толық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі әзірленді.

Жаңадан құрылған ақпараттық жүйе жер және құқықтық кадастрларының ақпаратын біріктіріп, оларға қолжетімділікті жария кадастрлық карта арқылы қамтамасыз етеді.

Бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін енгізу жер қатынастары саласындағы рәсімдерді жетілдіруге және оңтайландыруға, сондай - ақ оларды цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.

Жария кадастрлық картасын пайдалана отырып, «электрондық үкімет» порталы арқылы жергілікті атқарушы органға өтініш беруді көздейді.

Жер учаскесін алуға мүдделі тұлға электрондық өтінішпен бірге ұсыну үшін сұралып отырған жер учаскесінің сызбасын жария картасында дербес қалыптастырады.

Дайындалған жер учаскесін бөлу схемасы барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың келісуіне жіберіледі. Табиғи монополия субъектілері инженерлік желілерге қосылудың техникалық шарттарын қосымша ұсынады. Яғни, өтініш берушіге жер учаскесін беру шешімі қабылданған жағдайда оған техникалық шарттар бірге ұсынылады.

Жүргізілген жұмыстардың түпкілікті нәтижесі - жер учаскесіне және жылжымайтын мүлік объектісіне берілетін бірыңғай құжат - жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындау және беру болып табылады.

Барлық ақпараттық жүйелерді біріктіру есебінен өтініштің қаралуын цифрлық бақылау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік органдардың негізсіз бас тартуларына жол берілмейді.

Мемлекеттік органдар мен азаматтар, ұйымдардың өзара іс - қимылының тұжырымдамасы өзгеруде.  Жаңа өзгерістер мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетуге және жер учаскесіне құқықтарды тіркеу кезінде азаматтар мен ұйымдардың шығындарын азайтуға бағытталған.

Жаңадан құрылған ақпараттық жүйе халық пен бизнестің жер қоры мен жылжымайтын мүлік туралы ақпаратқа ашықтығын және толық қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына ашық пайдаланудың цифрлық картасын ұсыну, инженерлік желілермен қамтамасыз ету аймақтарын болжау және жоспарлау, жер қатынастары, сәулет және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы қызметтерді электронды түрде көрсету, жер учаскелерін пайдалануды автоматтандырылған бақылау және қайталанатын  бизнес - процестерді болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, пайдалану шарттарына сәйкес жалдау шартын белсенді түрде жаңарту, әр түрлі жүйелерді реттеу, техникалық қызмет көрсету, техникалық қолдау және әкімшілендіру шығындарын азайтуды қамтиды.   

Осы цифрландыру жұмыстарының арқасында мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артып, азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс - қимылы ашық түрде болады.

Сондай - ақ, жер учаскелерін беруді электронды форматқа көшіру кезең - кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезеңде -  қалалар аумағында жаңадан берілетін жер учаскелеріне қолданылатын болса, келесі кезеңде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру мүмкіндігі іске қосылады. 

Аталған заң жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді. Заң жобасын талқылау барысында қойылған сұрақтар мен маңызды мәселелерге қатысты әзірлеуші тарап тиісінше жауап берді.   

Қорытындылай келе, заң жобасының маңыздылығын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын қолдап, бас комитетке ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.                                   

Поделиться