На заседании комитета выступил с докладом «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам административной реформы Республики Казахстан»
Комитет отырысында қаралып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы уақытылы және маңызды болып отыр.
Заң жобасы Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауында көрестілген міндеттері мен тапсырмаларын орындауға бағытталаған.
Сондай - ақ, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірумен қатар, орталықсыздандыру мәселелерін қамтиды.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір құзыреттерін министрліктерге беру қажеттілігі туындап отыр.
Атап айтқанда, Үкіметтен орталық мемлекеттік органға, салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен реттелетін салаларда тиісті операторларды айқындау, жергілікті атқарушы оргнадрдан облыстық деңгейінен жергілікті деңгейге жергілікті халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді қайта бөлу қарастырылыған.
Жаңа әкімшілік реформаны жүргізу мақсатында мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажыратудың қағидаттары әзірленді.
Парламент Сенатына келіп түскен уақытта заң жобасымен 167 заңнамалық актілерге, оның ішінде 13 кодекске және 154 заңға түзетулер енгізу қарастырылған.
Оған қоса, 513 функция мемлекеттік басқару деңгейлері арасында қайта бөлінеді және 135 функция алып тасталады.
Үкімет деңгейінен орталық мемлекеттік органдарға 487 функция беріледі, оның ішінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру тиісті операторларды, ұйымдар мен заңды тұлғаларды анықтау, консультативтік кеңестік органдарды құру және басқа да функциялар.
Сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға денсаулық сақтау, ветеринария, көлік, жастар саясаты және мәдениет салаларында жергілікті халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі функцияларды беру қарастырылып отыр.
Заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру және жетілдірудің жаңа кезеңіне жол ашады.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін одан әрі кеңейту және мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелестік ортаға беру үшін функцияларды талдау және іріктеу бойынша кешенді жұмыстардың жүріп жатқандығы байқалады.
Аталған заң жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді. Заң жобасын талқылау барысында қойылған сұрақтар мен маңызды мәселелерге қатысты салыстырма кесте әзірленді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, салыстырма кестені талқылауды ұсынамын.