Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Сенат Парламента
Республики Казахстан

Новости

Содоклад по проекту Конституционного закона Республики Казахстан «О прокуратуре», заседание Комитета провели 5.10.2022г. в 15:00 часов в каб. 307

05.10.2022 0

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының жобасы бойынша С.Ж. Шайдаровтың Комитет отырысындағы қосымша баяндамасы.

(5 қазан 2022 жыл, сағат 15.00. кабинет 307)

 

Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

Бүгінгі қаралып отырған «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокурордың орынбасары толық баяндап берді.

Аталған Конституциялық Заңының жобасы Мемлекет басшысының жолдауын орындау мақсатында әзірленген.

Жаңадан енгізілген нормаларын атап өтейін:

Прокуратура органдарының жүйесі мен құзыреті көрсетілген Тараудағы новелла Бас прокуратураның өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) мемлекеттің мүддесін білдіру жөніндегі өкілеттігі болып табылады.

Бас Прокурордың:

- Конституциялық сотқа халықаралық шарттарының ратификацияланғанға дейін қарау мәселелері бойынша Конституцияға сәйкестігіне; оның нормаларын түсіндіруге, сондай-ақ НҚА-ның Конституцияға сәйкестігі мәселелері бойынша,

- Жоғарғы Сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот практикасы мәселелері бойынша соттарға түсініктеме беру туралы ұсыныспен жүгіну құқығы да бекітіледі.

13-бапта әскери прокуратура органдарының қадағалау объектілері нақтыланады, атап айтқанда оларға Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс және мемлекеттік әскери қауіпсіздік саласындағы органдар мен ұйымдар жатады.

14-бапта-көлік прокуратурасы органдарының қадағалау объектілері, оларға мемлекеттік органдар, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, көлік саласындағы ұйымдар жатады.

Осы Заң жобасы республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

Құрметті әріптестер,

Айтылғандарды ескере келе, Сіздерді заң жобасын қолдап, Бас комитетке ұсыныстар мен ескертпелерсіз қорытынды жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Поделиться