Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Сенат Парламента
Республики Казахстан

Новости

Содоклад по проекту Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения об обмене информацией в сфере противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма при перемещении наличных денежных средств и (или) денежных инструментов через таможенную границу Евразийского экономического союза», заседание Комитета провели в 5.10.2022г. в 15:00 часов в каб.307

05.10.2020 0

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша С.Ж. Шайдаровтың Комитет отырысындағы қосымша баяндамасы.

(5 қазан 2022 жыл, сағат 14.00. кабинет 307)

 

Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

Бүгінгі қаралып отырған «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша баяндамашы толық баяндап берді.

Аталған келісім аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру қарастырылады.

Ақпараттық өзара іс-қимыл қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде жеке тұлға жолаушы кедендік декларациясында және тауарларға арналған декларацияда мәлімдеген мәліметтерді ұсыну жолымен жүзеге асыру көзделеді.

Ақпараттық өзара іс-қимыл бір мүше мемлекеттің уәкілетті, құқық қорғау және кеден органдарының сұрау салулары бойынша жүзеге асырылатын болады.

Құрметті әріптестер, айтылғандарды ескере келе, Сіздерді Заң жобасын қолдап, Бас комитетке ұсыныстар мен ескертпелерсіз қорытынды жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Поделиться