Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

II МЕЖДУНАРОДНЫЙ ЭКОЛОГИЧЕСКИЙ ФОРУМ “URALSK GREEN FORUM”

30.05.2018 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Мұхтар Сабырұлы Жұмағазиев 2018 жылғы 24 мамырда ІІ Халықаралық “URALSK GREEN FORUM”  экологиялық форумына қатысты. Сенатор Форумның пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын орындауды қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны қорғау саласында заңнамалық актілерді жетілдіру» тақырыбында баяндама жасап, Форумға қатысушылар мен сарапшылар тарапынан үлкен бағаға ие болды.

 

24 мая 2018 года депутат Сената Парламента Респулики Казахстан, член Комитета по аграрным вопросам, природоиспользованию и развитию сельских территорию Джумагазиев Мухтар Сабирович принимал участие в работе II Международного экологического форума “URALSK GREEN FORUM”. На пленарном заседании форума сенатор выступил на тему: «Совершенствовать законодательные акты в области охраны окружающей среды для обеспечения выполнения Плана Стратегического развития до 2025 года Республики Казахстан» и получил достойные оценки со стороны участников и международных экспертов.

 

М.С.ЖҰМАҒАЗИЕВ

 

Орал

24.05.2018

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын орындауды қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны қорғау саласында заңнамалық актілерді жетілдіру жөнінде

  

Құрметті Форумға қатысушылар!

Құрметті Алтай Сейдірұлы!

Ең алдымен, бүгінгі ІІ халықаралық экологиялық форум жұмысына қатысуға шақырған Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг компаниясы Қазақстандағы филиалының бас директоры Эдвин Блом мырзаға және осы іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін.

Өзіміз өмір сүріп отырған Жер шарында энергияға деген сұраныстың күн сайын ұлғайып, соның салдарынан қоршаған ортаға шексіз залал келтіру – әлем халқының орынды алаңдаушылығын туғызып келеді. Дүниежүзі сарапшыларының, оқымысты-ғалымдардың пікіріне қарағанда, 2040 жылға қарай электр энергиясына деген сұраныс 70 пайызға дейін артады деген болжам бар.

Осындай қатерді алдын ала болжаған Елбасының ұсынысымен 2013 жылы «Жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасы қабылданды.

Ал үстіміздегі жылғы 15 ақпанда Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» бекітілді. Бұл құжаттың басым бағыттарының бірі – экологиялық мегатрендтерді айқындай отырып, таза өндіріс пен жаңартылатын энергия көздеріне көшу.

Қазақстан жаңғырмалы қуат көздерін дамытуға үнемі ерекше мән беріп келеді. Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің басты тақырыбы да «болашақ энергиясына» арналды. Қазір «жасыл» технологияны дамытатын халықаралық орталық құру жұмыстары жүргізілуде.

Күні кеше ғана, үстіміздегі жылғы 17-18 мамыр аралығында он бірінші рет өткізілген Астана экономикалық форумының өзекті бесінші бағыты – таза энергия және жасыл технологиялар: табиғи байлықтарды сақтау және балама эгергия көздерін пайдалану арқылы экономика салаларын жаңғыртуға арналды.

Осындай ауқымды жұмыстардың жалғасы ретінде бүгінгі өткізіліп отырған ІІ халықаралық экологиялық форум – табиғи ресурстарды сақтауға, экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға және халықтың тұрмыс-тіршілігі сапасын жақсартуға игі ықпал ететін үлкен іс-шаралардың бірі.

Бұл форумның 5 маусым – Қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өткізілуін символикалық сабақтастық ретінде қабылдаймын.

Бүгін біз сіздермен бірге осы форум аясында «Жасыл» экономика тұжырымдамасын іске асыруда аса құнды, өте өзекті мәселелерді көтеріп, орын алған проблемаларды шешудің тиімді жолдарын табамыз деп ойлаймын.

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәслелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті қоршаған ортаны қорғау ісіне тығыз араласып келеді. Комитет мүшелері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексті және оған ілеспе Заң жобаларын мұқият қарастырып, бірқатар түзетулер, ескертпелер мен ұсыныстар жасады.

Жоғарыда атап өтілген Қазақстан Республикасының Кодексі мен ілеспе Заң нормалары ең бірінші кезекте ел экономикасының және жұртшылықтың әл-ауқатының өсіміне оң ықпал етеді.

Ең басты новелла – жер қойнауын пайдаланудың шарттары неғұрлым ашық түрде жүргізіліп, «Бірінші келдің – бірінші алдың» деген австралиялық қағидат және бағалы металлдар бойынша старательдік өндіру енгізілді. Сонымен бірге, кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін ережелер қарастырылды.

Сол сияқты жер қатынастарын реттеу және кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Заңдарымен де Экологиялық кодекстің бірқатар баптарына тиісті түзетулер енгізілді.

Жалпы, Парламент қабырғасында талқыланып, қабылданып жатқан Заңдардың бірқатары қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалық актілерге қатысты болып келеді. Сондықтан, Парламент мүшелері жаңғыртылатын энергетикаға көшу және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жиі-жиі қайта айналып соғып отырады.

Сонымен бірге, депутаттардың жеке бастамаларымен Үкімет басшысына және тиісті мүдделі орындарға депутаттық сауалдар жолданып келеді. Мәселен, елімізде жыл сайын 5 миллион тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар пайда болады екен. Ресми деректерге қарағанда солардың  9 пайызы ғана қайта өңделеді. Бұл дегеніңіз нағыз апат көзі!

Сондықтан біздің Комитет тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу шараларын алу жөнінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне депутаттық сауал жолдады.

Сол сияқты, Балқаш көлі жағасында орналасқан бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық стансасы аумағында жинақталған өте зиянды, құрамында полихлорланған дифенилдері бар 6-мыңға жуық конденсаторлардың флора мен фаунаға, сол маңдағы халыққа қауіп төндіріп отырғаны жөнінде Энергетика министрлігіне депутаттық сауал жолдап, дабыл қақтық.

Қазір бұл мәселелер менің әріптестерімнің қатаң бақылауында тұр.

Мұнымен қоса, Сенат депутаттары, біздің Комитет мүшелері заң шығарушылық қызметте бүгінгі күн тәртібіне байланысты мәселені үнемі көтеріп келеді.

Жаңартылатын энергия көздерін, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін дамыту үшін заңнамалық және экономикалық тетіктер жасалды. Алайда, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын орындауды қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны қорғау саласында заңнамалық актілерді әлі де жетілдіру қажет деп есептейміз.

Біз экономиканы экологиялық жағынан заңнамалық қамтамасыз етуді жеделдетуіміз қажет. Өйткені, 2023 жылдан бастап, халықаралық сарапшылар әлемдік рынокқа жеткізетін кез-келген өнімнің экологиялық қаупсіздігіне мониторинг жүргізетін болады.

Енді алдымызда оразан зор, аса маңызды міндет тұр. Ол – Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің жаңа редакциясын қабылдау. Қазір Энергетика министрлігі бірқатар қауымдастықтармен және экономиканың базалық салалары өкілдерімен бірге жаңа Экологиялық кодекс тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті.

Заң жобасы келесі жылы Парламенттің қарауына түседі деп күтілуде. Бұл – жаңа Салық және Жер қойнауын пайдалану туралы кодекстерінен кейінгі аса маңызды құжат болып табылады. Сол арқылы экологияға байланысты түйінді мәселелерді шешуге құқықтық негіздер қаланады.

Осыған байланысты, жер қойнауын пайдаланушылар мүмкіндікті ұтымды және тиімді пайдалана отырып, жаңа Экологиялық кодекске өз ескертулері мен ұсыныстарын береді деп ойлаймын.

Назар салып, тыңдағандарыңызға рахмет!

Поделиться