Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступление депутата Сената Парламента РК Абдикерова Рыскали Калиакпаровича вопросам на Заседание Сената Парламента РК при рассмотрении о проекте ЗРК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам регулирования миграционных процессов», одобренном Мажилисом Парламента РК

30.04.2020 0

РАҚМЕТ!

 «ҚР-ң кейбір заңнамалық актілеріне

көші-қон процестерін реттеу

мәселелері бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы»

ҚРЗ-ың жобасы

 

 

ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒА!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Құрметті Біржан Бидайбекұлы!

 

Жерлес Азаматтардың сұрауы бойынша, осы сұрақты Сізге бүгін қоюға тура келіп тұр!

Өйткені, ресми деректерге қарасақ, соңғы жылдары елге оралып жатқан қандастарымыздың қатары азайып, көші-қон саябырсып, екпіні азайып бара жатқандай.

Бұған бірден-бір себеп – шетелден қоныс аударып жатқан, қандастарымызға бөлінетін квотаның және берілетін қаражаттың жылдан-жылға азайып бара жатқандығы.

Мәселен, көршілес Ресейде қоныс аударушыларға көмек ретінде ел қазынасынан қомақты қаржы бөлінуде. Айтар болсақ, бұл аталған елде 4 адамнан тұратын қоныс аударушы отбасына тұрғын үй алу үшін – 600 мың рубль, яғни 3 млн 600 мың теңге, кірісі жоқ

отбасына 67 мың рубль, яғни 402 мың теңге беру қарастырылған. Сонда, әрбір отбасына 4 млн теңге бөлінсе, Қазақстанда бұл көрсеткіш небәрі 848 мың теңгені құрап отыр.

Оның үстіне, 2020 жылы (Үкіметтің қаулысымен бекітілген) қандастарымыздың атажұртқа оралуына квота бойынша 1378 орын ғана белгіленген. Өкінішке орай, 2019 жылмен салыстырмалы түрде алатын болсақ, бұл көрсеткіш - 653 орынға азайып отыр.

Анықтама ретінде: Оның үстіне соңғы 10 жылда Қазақстаннан Ресейге 300 мыңнан астам адам көшіп кеткен.

Осыған орай, сұрақ: Алдағы уақытта көші-қон мәселесіне жанашыр көзқараспен қарап, сондай-ақ, халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, осы мәселенің оң шешіміне ықпал ету жоспарларыңызда барма?

 

РАҚМЕТ! 

Поделиться