Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Не головной закнопроект

11.04.2018 0

 «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы

 Қазақстан Республикасының Заңына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы бойынша                                                                                                                                   қосымша баяндама

 

Құрметті әріптестер!

 

Баяндамашы Заң жобасына енгізілетін түзетулерді егжей-тегжейлі толық баяндап берді. 

Бұл Заң жобасы халықтың бірлігін нығайтуға, қоғамдық келісімнің конституциялық қағидасын іске асыруға бағытталып отыр. Сонымен бірге Заң жобасы құқықтық, мемлекеттік-басқару шараларының тұтастай жүйесін құруға негіз болып табылады.  

Баяндамашы айтып өткендей, Ассамблеяның қолданыстағы құқықтық базасы осы саланы нақты және тиімді реттеуді толық айқындай алмайтынын күнделікті өмір көрсетіп берді.

Сондықтан, елде қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Заңға бірқатар түзетулер енгізу қажеттігі туындап отыр.

Заң жобасы Парламент Мәжілісінде жан-жақты қаралып, одан әрі күшейтілді. Яғни, Заң жобасына елімізде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі дамытуға ықпал ететін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді деп санаймыз.

Ассамблея Кеңесінің өкілеттігі кеңейтілді, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері айқындала түсті. Тұтастай алғанда Ассамблеяны мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімдігін арттырудың тетіктері жетілді. Сондай-ақ, мемлекеттегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті дамытудың ұйымдастыру-құқықтық тәсілдері қаралып отыр.

Сенат депутаттарының, Заң жобасын әзірлеушілердің және аппарат қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс тобын өткізіп, талқыладық. Жұмыс тобы барысында бірқатар сұрақтар қойылды. Оларға Заң жобасын әзірлеушілер толыққанды жауап беріп, берілген ескертулер алынып тасталды. 

Заң жобасы бойынша жұмыс барысында Сенат депутаттарынан ұсыныстар мен ескертулер келіп түскен жоқ. Осыған байланысты, Заң жобасын ескертулерсіз қабылдап, басты Комитеттің қарауына жолдауды сұраймын.

Қолдауларыңызды сұраймын.

Ықыластарыңызға рақмет.

 

 

 

Поделиться