Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступил содокладчиком на заседании Комитета по проекту Закона Казахстан «О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан об избежании двойного налогообложения доходов и имущества от 12 июня 1996 года»

04.09.2018 0

 

Құрметті Асқар Асанұлы!

 

Құрметті әріптестер!

 

         Сіздердің назарларыңызға «1996 жылғы 12 маусымдағы Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы ұсынылып отыр.

Хаттама салық салудан жалтаруға қарсы шараларды, оның ішінде салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын кеңейту жолымен көздейді.

Талданып отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамада негізгі халықаралық шартты салық салу практикасының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келтіретін түзетулер көзделеді. Осығын байланысты, осы түзетулерде Қазақстан Республикасының басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғауы мүмкін жаңа нормалар көзделмейді.

Хаттаманың бүкіл мәтініндегі нақтылаушы нормалар Конвенцияны тұтастай тиімді іске асыруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бұл нормалар 1996 жылғы Конвенцияның жетіспеушіліктерін толықтырады.

Айта кететін болсақ, Қазақстан - Өзбекстанның дүниежүзілік саудадағы негізгі сауда әріптестерінің үштігінің қатарында – 8,7 % (Қытай және Ресей Федерациясынан кейін). Ал Өзбекстан соңғы бірнеше жылдарда Қазақстан тауарайналымының  жалпы көлемінің  2,4-2,5 пайызды құрап отырған. Мәселен, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 2 миллиардтай АҚШ доларын құраған. 

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес 2018 жылдың 1 мамырының жай-күйі бойынша Қазақстанда өзбекстан капиталының қатысумен 2429 заңды тұлға, филиалдар және өкілдіктер тіркелген. Ал  Өзбекстанда Қазақстан капиталының қатысумен  249 заңды тұлғалар тіркелген.

Осыған орай, қарастырылып отрыған Хаттаманы рафтификациялау Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жақсартуға және  өзара тиімді қарым-қатынасты ынталандыруға өз септігін тигізетіні анық.

Хаттама «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңының 11 бабының 2) тармағына сәйкес ратификациялануға жатады.

Заң жобасын қабылдау теріс салдарларға әкеп соқпайды, мемлекеттік бюджеттен қаражат жұмсауды қажет етпейді.

Хаттаманың ережелері Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің нормаларына қайшы келетін нормаларды қамтымайды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Сенат Аппараты өкілдерінің қатысуымен  жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланды және пайда болған сұрақтарға жауаптар алынды.

Баяндалғанның негізінде, заң жобасын қолдап, бас комитетке ескертпелерсіз жіберуді ұсынамын.

        Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

Поделиться