Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступил содокладчиком на заседании Комитета по рассмотрению проектов Закона Республики Казахстан «Об охpане и использовании объектов истоpико-культуpного наследия» и Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам историко-культурного наследия»

26.11.2019 0

Құрметті Серік Рыскелдіұлы!

Құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

Қаралып отырған заң жобаларында тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, ғылыми-реставрациялау және археологиялық қызмет саласындағы қарым-қатынастарды кешенді реттеу көзделген.

Қазіргі таңда тарихи-мұра объектілерін анықтау, есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету салалары бойынша айтарлықтай өзекті мәселелер бар.

 Еліміздің мәдени мұрасын құру, жаңғырту, сақтау, дамыту, насихаттау және пайдалану, сонымен қатар құқықтық, әлеуметтік және ұйымдастырушылдық негіздерді анықтау мақсатында Қазақстанның қалыптасуының алғашқы жылдарында, яғни, 1992 жылы қабылданған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңды қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.

Бұл шара көптеген жаңадан анықталып жатқан тарихи мәртебесі бар ескерткіштердің сақталуын және сараптама жүргізу салаларындағы жағдайды, құжаттандыру мәселелерін шешуге бағытталған.

Сонымен қатар тарихи-мәдени мұра объектілерін ескерткіш деп тану, уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың құзыреттерінің уәкілеттілігін ажыратады және нақты белгілейді.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында ілеспе Заң жобасы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңдарға тиісті өзгерістер енгізуді көздеп отыр.

           Баяндамашы Заң жобалары туралы жан-жақты баяндап берді. Қайталанудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

    Ұсынылған заң жобаларын қабылдау теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

            Заң жобалары бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді.

    Жобаларды қарау барысында туындаған ескертпелер мен ұсыныстар салыстырмалы кестеге енгізілді.

            Осыған орай, салыстырмалы кестелерді қарауға көшуді ұсынамын.

Назарларыңызға Рахмет! 

Поделиться