Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступил содокладчиком на заседании Комитета по проекту Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан о трудовой деятельности и защите прав трудящихся-мигрантов, являющихся гражданами Республики Узбекистан, в Республике Казахстан и т рудящихся-мигрантов, являющихся гражданами Республики Казахстан, в Республике Узбекистан»

03.03.2020 0

Құрметті Серік Рыскелдіұлы!

Құрметті шақырылғандар!

Қаралып отырған «Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Өзбекстан Республикасының Yкіметi арасындағы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып табылатын еңбекші көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасындағы және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын еңбекші көшіп-қонушылардың Өзбекстан Республикасындағы еңбек кызметі және құқықтарын қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын баяндамашы толығырақ баяндап өтті. 

Келісімнің мақсаты - тараптар мемлекеттерінде көші-қон ағындарын реттеу және заңсыз еңбек қызметін болдырмау жөніндегі шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Келісімде еңбек міндеттерін орындауына байланысты қызметкердің өмipi мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда оған қатысты қарастырған көмек шығындарын өтеу жұмыс бepушіге міндеттелген.

Сонымен қатар, біліктілікті растау жөнінде екі елдің азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында білім туралы құжаттар негізінде қабылдаушы мемлекеттің заңнамасында белгіленген тану рәсімдерін өткізбей танылады.

Қарастырылып отырған Заң жобасы еңбек көші-қон процесін жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бipгe eкi мемлекеттің еңбекші-мигранттарының құқықтарын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз жасайды.

Оны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық нәтижелерге әкелмейді.  

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткізіліп,  туындаған барлық сұрақтарға жауаптар толығымен алынды.

Баяндалғанның негізінде, Заң жобасын қолдап, Бас комитетке оң қорытынды жолдауды ұсынамын. Қолдауларыңызды өтінемін!

Назарларыңызға рахмет!     

Поделиться