Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступил содокладчиком на заседании Комитета по проекту Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам энергетической утилизации отходов, водоохранных полос и перевозки грузов железнодорожным транспортом»

08.09.2020 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату, су қорғау белдеулері және жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысындағы депутат

Ә.С. Құртаевтың қосымша баяндамасы

8.09.2020 жыл

 

 

Құрметті Дәурен Зекенұлы!

Құрметті қатысушылар!

 

Қаралып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату, су қорғау белдеулері және жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын баяндамашы толығымен баяндап өтті. 

Аталған Заң жобасын  қабылдаудың мақсаты қалдықтарды көму көлемін азайту және полигондарда қалдықтарды көмуге тыйым салуды толыққанды іске асыру үшін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері бойынша ҚР заңнамасын жетілдіру болып табылады.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама шеңберінде әзірленді, онда қайта өңдеу мен қайта пайдалануды кеңінен қолдануға, сондай-ақ пайдалы заттар мен материалдарды алуға, Қалдықтарды кәдеге жарату есебінен отын алуға көшумен полигондар санын қысқарту міндеті белгіленген.

Сондай-ақ, Заң жобасы қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған.

Заң жобасын іске асыру келесі әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеледі деп күтілуде:

- электр энергиясын алу үшін оларды кәдеге жарату (жағу) жолымен көмуге жататын қалдықтар көлемін азайту;

- инновациялық тәсілдермен Қалдықтарды кәдеге жаратуды тиімді жүзеге асыру арқылы парниктік газдардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту;

- дәстүрлі отынды едәуір үнемдеу есебінен энергия тиімділігін арттыру;

- ҚР-ның «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада көзделген қалдықтармен жұмыс істеу бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуге ықпал ету.

Заң жобасын тұтастай алғанда қабылдау экологиялық компоненттерге оң әсерін тигізеді деп болжануда, өйткені жиналған қалдықтардың санын және олардың полигонға түсуін қысқарту, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін ұлғайту, қалдықтардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайтады.

Заң жобасында Экологиялық және Су кодекстеріне, сондай-ақ ҚР                   4 (төрт) Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Оны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық нәтижелерге әкелмейді.  

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілген болатын. Заң жобасын қарау кезінде туындаған барлық сұрақтарға жауаптар толығымен алынды.

Баяндалғанның негізінде, Заң жобасын қолдап, Бас комитетке оң қорытынды жолдауды ұсынамын.  

Назарларыңызға рахмет!     

Поделиться