Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2 апреля 2018 года депутат Сената Парламента РК Кылышбаев Н.Н. встретился с активом Жамбылского района Алматинской области

02.04.2018 0

        Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы, Нүкетаева Динар Жүсіпәліқызы, Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "5 әлеуметтік бастама" атты Үндеуі мен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламаларын насихаттау мақсатында аудан активімен кездесті.
        Кездесу барысында жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, екінші дәрежелі банктердің несиелендіруі және білім беру саласындағы жаңашылдық сынды бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
        Өз саласы бойынша сөз алған Сенат депутаттары Үндеу мен Жолдаудың жүзеге асырылуы жөнінде толықтай түсіндірме жүргізіп, бүгінгі күнге атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, "5 әлеуметтік бастаманың" еліміздің дамуына қосатын үлесі жоғары екендігін тілге тиек етті.

Поделиться