газета "Егемен Қазақстан" - Шешімін күткен мәселелер көп
Шешімін күткен мәселелер көп
Жуырда Парламент Сенатында палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» деген тақырыпта парламенттік тыңдау өткендігі туралы бұрын жазған болатынбыз.
(«ЕҚ», 25.09.2017 ж.). 29.09.2017
Осы жиында сенаторлар өздерін толғандырған сан түрлі сұрақтарды Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке қойып, жауап алды. Соның бірқатарын оқырман назарына ұсынуды жөн деп санадық.
Ерболат Мұқаев: Ел болған соң, еліміздің аумағы кең болған соң, шағын комплектілі мектептер болады, біреулері өседі, біреулері өшеді, сөйтіп алдағы 15-20 жылға дейін оның проблемасы бітпейтін сияқты. Сондықтан, министрлік осы проблеманы қалай шешуді көздеп отырғанын білгім келеді?
Ерлан Сағадиев: Шағын комплектілі мектептердегі білім сапасын көтеру мақсатында цифрлы технологияның жетістіктерін пайдаланып, компьютерлендіру, бейнеэкран курстарын енгізу сияқты сабақтар енгізіп жатырмыз. Осындай мектептерге екі жылдың ішінде кем дегенде екі бейнеэкран орнатылатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Мұғалімдерді дайындау сапасына да көңіл бөлініп, оларды өзінің базалық білімінен басқа сабақтарды өткізуге дайындау жұмыстары да қолға алынатын шығар. Еңбекақысы туралы айтатын болсақ, бұл мектептердің мұғалімдеріне 25 пайыздық көлемде қосымша ақы төленуде.
Толығырақ: https://egemen.kz/article/158987-sheshimin-kutken-maseleler-koep